• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 12:16:27
Алматы
+35°

22 Мамыр, 2019 Саясат

"Шындықтан қаша алмайсың": Министр Ерлан Тұрғымбаев алматылық жігіттің сауалына жауап берді

"Шындықтан қаша алмайсың" деген жазуы бар футболка немесе басқа да заттарды пайдалануға бола ма?..

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев алматылық Алмас Садықовтың сауалына жауап берді. Ол қазақстандықтар күнделікті тұрмыста "Шындықтан қаша алмайсың" деген тіркесті пайдалана ала ма?" деп сұраған. Ішкі Істер министрлігі ұзақ ойланып, үш аптадан кейін жауап қайтарды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Hola News сайтына сілтеме жасап.

Алмас Садықов министрдің атына бір ай бұрын хат жолдап, келесі сауалдарға жауап беруін сұраған.

"Шындықтан қаша алмайсың" деген жазуы бар футболка немесе басқа да заттарды пайдалануға бола ма?

"Шындықтан қаша алмайсың" деген жазуды жеке мүлікте пайдалануға, үй терезесіне ілуге, автокөлікке, ноутбуктарға жазып қоюға бола ма?

Осы жазба көрсетілген заттарды баспадан және кәдесый дайындайтын компаниялардан тапсырыспен жасатуға бола ма?

Құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің "Шындықтан қаша алмайсың" деген жазуы бар футболка киіп жүрген тұрғындарды ұстауы қаншалықты заңды?

"Шындықтан қаша алмайсың" деген тіркесті пайдаланған Қазақстан азаматтары заң бұзған болып есептеле ме?

 «Құрметті Ерлан Заманбекұлы! Маған және мен сияқты мыңдаған Қазақстан азаматтарына "Шындықтан қаша алмайсың" деген тіркесті пайдалану құқығы мен жауапкершілігін түсіндіріп беруіңізді сұраймын. Қандай да бір шектеулер болса, Әкімшілік немесе Қылмыстық кодекстің қандай баптары бұзылатынын айқындап өтсеңіз», - деп жазды Садықов.

Алмас  Садықов "eGov платформасында оның хаты 547450 нөмірі бойынша тіркелді" деген хабарлама алған.

22 күн өткеннен кейін министр алматылықтың сұранысына жауап қайтарды. Оның жолдаған сауалдары "ведомстваның құзыретіне кірмейді" деп жазылған.

Ерлан Тұрғымбаев

«Құрметті Алмас! «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» Заңына сәйкес, ішкі істер органдарының міндеті қоғамдық тәртіпті қорғау болып табылады. Сонымен қатар, сіз жолдаған сауалдарға жауап беру ішкі істер органдарының құзыретінде емес. Сонымен бірге заңдар мен оның жеке ережелерінің түсіндірілуі оның ресми түсіндірілуіне жатпайды. Аталған құзыретті орындау үшін ішкі істер органдары заңды қатаң сақтайды және оны қолдану тәртібінде өз позициясын білдіреді. Алайда қайшылықтарға толы мәселелерде өз сипатын беруге міндетті емес», - делінген Тұрғымбаевтың жауабында.

Министр Алмас Садықовтың сауалына мардымды жауап қайтармаса да, ол қойылған сұрақтарға нақты жауап күтетін жазып, Тұрғымбаевқа қайта хат жолдады.

Ұсынған: Маржан Сәбет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір