• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

22 Мамыр, 2019 Аймақтар

Атырауда болашақ бизнесмендер байқауы өтті

Атырауда болашақ бизнесмендер байқауы өтті

Атырауда жастарға арналған үшінші бизнес-фестиваль өтті.

British Council (Британдық Кеңес) «Шеврон» компаниясымен және Атырау облыстық әкімдігімен серіктестікте жүзеге асырып жатқан «I-SEED: инновациялар – әлеуметтік кәсіпкерлік және білім беру» жобасының шеңберінде Атырау мұнай және газ университетінде жастарға арналған жыл сайынғы үшінші «Самғау» бизнес-фестивалі өтті. Алғашқы екі фестиваль 2017, 2018 жылдары өтті, оларға 700-ге тарта жастар қатысты.байқау

«Самғау» фестивалінің мақсаты – мектеп оқушылары мен студенттердің арасында кәсіпкерлікті насихаттау және олардың кәсіпкерлік машықтарын жаттықтырып, тартымды әрі қызғылықты түрде дамытуына мүмкіндік беру. Фестивальде қонақтар түрлі жүлделі конкурстар мен ұтыс ойындарына қатысып, үстел ойындары мен бизнес-ойындарына қатыса алады, бизнес жүргізудің сан алуан қырлары туралы табысты кәсіпкерлердің әңгімесін тыңдауға да мүмкіншілік бар.байқау

Сондай-ақ фестивальде Атыраудың жаңадан бастаған әлеуметтік кәсіпкерлері арасында “Стартап шайқасы” байқауының «Көрермен көзайымы» жүлдесінің жеңімпазы жарияланды.  Жеңімпаз 29 сәуір мен 10 мамыр аралығында халықтық онлайн-дауыс беру арқылы анықталды. Ол Alim Design жобасымен алдыға шыққан Бауыржан Умралиев. Жеңімпаз атанған Бауыржан “Шеврон” компаниясынан өз бизнесін одан әрі дамытуға жүлде ретінде 3 000 доллар алды.байқау

Атырау мұнай және газ университетінің стратегиялық даму жөніндегі проректоры Ербол Темірғалиұлы Нұрпейісов атап өткендей, Атырау жастарының жан-жақты, соның ішінде әлеуметтік кәсіпкерлік бағытында дамып келе жатқаны қуантады.байқау

«I-SEED Атырау» аясында өткізілетін «Самғау» бизнес-фестивалі Атырау мұнай және газ университетінің қабырғасында үшінші рет өткізілуде және біз бизнестегі жаңа тәсілдерді білгісі келетін, табысты кәсіпкерлерден тәжірибелік  ұсыныстар алуға, уақытын қызықты өткізгісі келетін жүздеген жастарды қабылдауға дайынбыз» дейді ол.байқау

«Самғау» бизнес-фестивалінің өткізілуіне негіз болған «I-SEED Атырау» жобасы – жастардың табысты мансап құруы және белсенді азаматтық ұстанымын дамытуы үшін қажетті білімі мен машықтарын жетілдіруде қолдау көрсету мақсатында 2017 жылдан бастап іске асып келеді. Бұдан бұрын I-SEED Алматы және Астана қалаларында 2013 жылдан бастап бес жыл бойы сәтті өтті.байқау

“Шеврон” компаниясы осы жобаны жүзеге асыра тұрып Атырау қаласының 1600-ден астам оқушылары мен студенттерін кәсіпкерлікке оқытып, қала жастарының дамуына қолдауын білдіреді. Жастар сондай-ақ Хакатон, Стартап-баттл, нетворкинг және фестивальдер сияқты жоба аясында өткізілетін іс-шараларға қатысады. “Самғау” бизнес-фестивалі жастарға өз ойларын ортаға салып, басқа да бизнес-идеялармен танысуға мүмкіндік береді. Олар бизнес-ойындар мен квестерге қатысып, табысты мансап құруды үйреніп, болашақта өз ісін жүргізу үшін іскерлік және өмірлік дағдыларын дамытады. Сондай-ақ олар жай ғана достарымен, ата-аналарымен бос уақытарын жақсы, сапалы және пайдалы өткізе алады” – дейді “Шеврон”компаниясының өкілі Анар Нұрбаева.байқаубайқаубайқаубайқау

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір