• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

22 Мамыр, 2019 Аймақтар

Атырауда кәсіпкер азамат Жылыой мешітіне көлік сыйлады

Атырауда кәсіпкер азамат Жылыой мешітіне көлік сыйлады

Жылыой ауданының орталық мешітіне қызметтік көлік сыйға тартылды.

Темір тұлпардың кілтін  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық «Иманғали» мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұров Жылыой ауданының бас имамы Арман Исаевқа салтанатты жағдайда жұма намазы кезінде табыс етті. сыйлау

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жұма намазы алдында жамағат алдында сөз сөйлеген Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров су жаңа Renault Duster көлігін мешітке сыйға тартқан жергілікті кәсіпкер, «Мако» ЖШС басшысы Келбатыр Құлғазиевке алғыс айтып, иығына шапан жапты. сыйлау

«Асыл дініміздің дамуы жолында Келбатыр Құлғазиев ағамыз үнемі өз үлесін қосып келеді. Жүрегі дін деп соққан ағамыз бұған дейін республикалық, облыстық деңгейде өткен азан жарысы, Құран жарысына демеушілік жасап, медресе, мешіт құрылыстарына қаржылай қолдау көрсетіп жүр. Алла разылығы жолында атқарып жатқан игі істеріңіздің сауабы мол болғай» деп атап өтті облыстың Бас имамы Батыржан Мансұров. сыйлау

Салтанатты шара барысында «Мако» ЖШС басшысы Келбатыр Құлғазиев аймақта, соның ішінде Жылыой ауданында имандылық, ізгілік, асыл дінімізді тарату жолында игі жұмыстардың жүргізіліп жатқанын айтты. «Жылыойдың орталық мешіті ашылған уақытта жамағаттың саны әрі кетсе бес-алты адамнан аспайтын еді. Қазір жамағаттың саны 2000-нан асты. Жұма намазы кезінде жамағат мешітке сыймай кетеді. Бұл керемет көрініс» деп атап өтті ол.

Қасиетті Рамазан айындағы игі жаңалықты жергілікті жамағат  қуана қабылдады. сыйлау сыйлау

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір