• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:28:59
Алматы
+35°

22 Мамыр, 2019 Саясат

Зеленскийге президенттің жұмыс креслосы ұнамай қалды (видео)

Зеленскийдің мемлекет басшысы ретіндегі алғашқы жұмыс күндері көрсетілген видеолар пайда болды.

Владимир Зеленскийдің командасы президенттің жұмыс орнына келгендегі алғашқы әсерімен бөлісіп, әлеуметтік желілерде видео жариялады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі You Tube желісіне сілтеме жасап. 

YouTube желісіндегі «Зе! Президент» арнасында Зеленскийдің мемлекет басшысы ретіндегі алғашқы жұмыс күндері көрсетілген видео пайда болды.

Видеода Зеленский Порошенконың бұрынғы креслосына отырып, «ыңғайсыз екен» дейді. Жанындағылар қошеметтей жөнелгенде, «Неге қол соғасыздар?», - деп сұрайды.

«Біз мына жерден қашан көшеді екенбіз деп ойлап отырмын», - деді президент кабинетінде жиын өткізген Зеленский.

Естеріңізде болса, бұған дейін Зеленский әкімшілік ғимаратында жұмыс істегісі келмейтінін мәлімдеген. Оның айтуынша, Президент аппараты үкіметтік ауданда емес, ашық жерде жұмыс істеуі керек. Алайда ол қай жерге көшетіндерін нақты айтқан жоқ.

Оқи отырыңыз: 

♦ Ешқандай резиденция керек емес: Зеленский қайда тұратынын мәлімдеді

Дайындаған: Маржан Сәбет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір