• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:20:15
Алматы
+35°

23 Мамыр, 2019 NEWS

Журналистер мен блогерлер арасында байқау жарияланды

Байқаудың мақсаты – журналистік қауымдастықты жастардың өмірі мен жетістіктерін жазуға, олардың шығармашылық әлуетін ашуға және ынталандыруға бағытталған.

"Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының" тапсырысы бойынша "Qadam Intech" қоғамдық қоры" журналистер мен блогерлер арасында "Жасампаз елдің жастары" байқауының басталғандығын жариялайды.

Байқаудың мақсаты – журналистік қауымдастықты жастардың өмірі мен жетістіктерін жазуға, олардың шығармашылық әлуетін ашуға және ынталандыруға бағытталған. Байқаудың жалпы жүлделік қоры 7 000 000 (жеті миллион) теңгені құрап отыр. Байқау 7 номинация бойынша өтпекші, яғни:

  1. Үздік телевизиялық сюжет;
  2. Мерзімді БАҚ-ғы үздік жарияланым;
  3. Үздік радиоматериал;
  4. Ақпарат агенттіктеріндегі (интернет-ресурс) үздік жарияланым;

5.Әлеуметтік желідегі (блогерлердің материалдары) үздік жарияланым;

  1. Үздік фотоматериал;
  2. Үздік вайн.

– Елбасының жариялауымен биыл Жастар жылы болып белгіленген болатын. Оның үстіне алдағы Байланыс және ақпарат қызметкерлер күні қарсаңына орайластырып байқау ұйымдастырып отырмыз. Жастар тақырыбы өте ауқымды. Спорт саласы мен кәсіпкерлікте жетістікке жеткен немесе қоғам дамуына белсенді араласып жүрген ерекше жастар жайлы материал болса, жеткілікті. Өтініштер бір ай шамасында 21 маусымға дейін қабылданады, – деді Қоғамдық даму басқармасының коммуникациялық іс-тәжірибелер бөлімінің басшысы Ерлан Қоқамбаев.

Байқауға еліміздегі жастарды әлеуметтік-экономикалық қолдауға, олардың өмірі мен жетістіктеріне арналған материалдар қабылданады. Бәйгеге қатысу үшін jasampazjastar.kz сайтына онлайн тапсырыс беру қажет. Ескеріңіздер, бәйгеге 2019 жылғы 1 қаңтардан 2019 жылғы 21 маусымға дейін жарияланған (жарияланымдар мен бағдарламалар циклдері, түрлі жанрдағы очерк, сұхбат, мақала, телевизиялық және радио бағдарламалар, журналистік зерттеулер және тағы басқалар) немесе эфирге шыққан материалдар қабылданады. Өтініштер 2019 жылдың 21 маусымына дейін қабылданады.

Айта кетейік, байқаудың комиссия мүшелері кәсіби журналистер мен блогерлер. Жеңімпаздарды марапаттау күні 28 маусымға, яғни Байланыс және ақпарат өкілдерінің төл мерекесі күніне жоспарланып отыр. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір