• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:11:41
+35°

23 Мамыр, 2019 NEWS

Әкесін өлтірген өзбек жігітін ұрғаны үшін қазақ баласы сотталуы мүмкін

Ол заң алдында адам денсаулығына залал келтіргені үшін жауап бермек.

Сайрам аудандық соты адам өліміне күдікті ретінде 1959 жылы дүниеге келген Өзбекстан азаматына қатысты іс қозғады. Күдіктіге ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша "Қасақана өлтіру" айыбы тағылып отыр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik сайтына сілтеме жасап.

Күдікті адам өлтірген жерінде қаза тапқан азаматтың туысқандарына ұсталып қалған. Ал қазір өзі аурухананың реанимация бөлімінде жатыр.

Бізге белгілі болғанындай, өзбек жігіт Түркістан облысы, Сайрам ауданына жұмыс бабамен тұрақты келіп-кетіп жүреді екен. Ол жергілікті тұрғындардың бірінің қолында жұмыс істеп жатқан. Сайрамға жасаған соңғы сапарында жасаған қызметі үшін есептеспек болған күдіктіге қаза тапқан азамат еңбекақысын беруден бас тартқан-мыс.

Сол арада дау туып, соңы төбелеске ұласқан. Ызаға булыққан өзбек жігіт қожайынын темірмен аямай ұрыпты. Айғай-шуды естіп үйден шыққан қожайынның ұлы да төбелеске қойып кетеді. Сол жерде Өзбекстан азаматы ауыр жарақат алған.

Ол ауыр жағдайда аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта күдіктіні тергеу жұмыстары полиция қызметкерлерінің назарында ауруханада жалғасып жатыр.

Қаза тапқан азаматтың ұлына қатысты да қылмыстық іс қозғалған. Ол заң алдында адам денсаулығына залал келтіргені үшін жауап бермек.

Аударған: Әділет Мәдениет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір