• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 11:31:37
Алматы
+35°

23 Мамыр, 2019 Саясат

Украина президенті Владимир Зеленский халық депутаттарын сайлау туралы заң жобасын қабылдамаған Жоғары Раданың шешіміне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Кәрі саясаткерлер ескі жүйені таңдады, осы ғана олардың саяси өмірлерін ұзартуларына көмектесе алады", - деп жазды президент Facebook парақшасында.

Сәрсенбі күні өткен Рада отырысында президент ұсынған заң жобасын 92 депутат қолдаған. Аталмыш заң жобасы қабылдануы үшін кем дегенде 226 дауыс керек.

Өзінің қабылданбай қалған құжатында Зеленский қазіргі жүйенің келеңсіздік пен жемқорлық туғызып, жаңа саяси күштердің парламентке келуіне кедергі келтіріп отырғанын да жазған.

"Мен олардың қателесіп отырғандарына сенімдімін, тіпті мажоритарлық аймақтарда да елді сөзімен емес, ісімен өзгертуге қабілетті жаңа саясаткерлерді таңдайды деген ойдамын", - деді мемлекет басшысы.

Аударған: Дәурен Сыбанбай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір