• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 16:21:30
Алматы
+35°

23 Мамыр, 2019 Оқиғалар

Италияда апатқа ұшыраған қазақстандықтар туралы СІМ мәлімдеме жасады (видео)

Қазақстан сыртқы істер министрлігі зардап шеккендер арасында қазақстандықтар барын растады

22 мамырда Италияның Сиена қаласында аударылған автобус ішінде 9 қазақстандық болған. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі зардап шеккендер арасында 9 қазақстандық барын мәлімдеді.  

"Бесеуі ауруханаға жатқызылды, төрт адам қонақүйге орналастырылды. Зардап шеккен қазақстандықтардың кейбірінің омыртқасы, бұғанасы мен қабырғасы сынған, денелері соғылған",- деді министрлік.

Айта кетейік, туристер отырған автобус Сиенадан Флоренцияға бара жатқан жолда Монтериггони қаласы маңында апатқа ұшыраған. Куәгерлер сөзінше, автобус жолдан шығып кетіп, сайға құлап, аударылған. Алдын ала дерек бойынша, апатқа сол маңда қалың нөсер жауып, жолдың тайғанақ болуы себеп.

Ескерте кетер бір жайт, зардап шеккен қазақстандықтар туралы Қазақстан Республикасының Италиядағы елшілігіне хабарласу керек: +390636301130.


Ұсынған: Мият Кәшібай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір