• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 05:11:31
Алматы
+35°

23 Мамыр, 2019 Саясат

Ұлыбритания премьер-министрінің тұғыры шайқалуда

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй ертең 24-мамаыр күні отставкаға кету мүмкін

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй ертең 24-мамыр күні отставкаға кетуі мүмкін. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі The Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Болжам бойынша, Мэй парламенттік комитет басшысымен кездесуінен кейін жариялайды. Мэйдің кету себебі – Консерванттар партиясы мен Үкімет тарапынан қысым көруі.

Сарапшылардың айтуынша, премьердің көптеген жақтаушылары оны қолдамайтыны туралы ашық айтқан. Бұл жағдай Парламент Еуроодақпен келісімді қолдаса, Brexit бойынша екінші референдумде депутаттарға дауыс беру құқығын алуға уәде бергеннен кейін болды. Бұл мәлімдемені министрлер кабинеті бір ауыздан қолдамай, Мэйдің ұсынысын қабылдамады.

Естеріңізге сала кетейік, 22-мамыр күні Қауым палатасының басшысы Андреа Лидсом өзінің отставкаға кеткені туралы жариялады. Бұл Мэйдің Үкімет басқарғалы бері өз еркімен кеткен 36- министрі болып отыр.

Аударған: Ильдар Адильченов

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір