• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

23 Мамыр, 2019 Әлеумет

Қытай компаниясы Қазақстан заңнамасын белшеден басты

Бауыржан Юсупов бұрғылау бригадасының инженер-технологы қызметін қайтару үшін адвокат жалдап, сотта өз құқығын қорғап шығуға барын салған.

Ақтөбенің №2 қалалық сотының күн тәртібінде ҚР азаматы Бауыржан Юнусовтың "Шығыс мұнай және сервистік қызмет көрсету" ЖШС бұрынғы бас директоры, Қытай азаматы Чжан Личуннің үстінен ҚР ҚК 152-бабы бойынша "ҚР еңбек заңдылығын бұзды" деген айыппен шағымы пайда болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Times.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ер адамның айтуынша, Қытай азаматы Қазақстан Республикасының еңбек заңдылығын бұзды деп санайды және шара қолдануды сұрайды.

Юнусовтың айтуынша, өткен жылдың маусым айынан бастап ол "Шығыс мұнай және сервистік қызмет көрсету" мекемесінің бұрғылау бригадасында, "Көкжиде" құдығы маңында инженер-технолог болып жұмыс жасаған. Осы жұмысты атқару барысында алған омыртқа жарақатынан аяқтары семіп қала жаздапты.

Өткен жылдың 20-маусымында бір скважинадан екінші скважинаға бара жатқан тұста бұрғылау бригадасы мінген автобус шайқалып кетіп, Бауыржан оқыс қимылдан қатты соғылып артынша арқасының қатты ауырғанын байқайды. Ақтөбе қаласына дейін тыныштандыратын дәрі-дәрмектің арқасында жетеді.

Жарақат бойынша жүргізілген тексеру амалдары оның жұмыс барысында болғанын анықтап береді. Осылайша ер адам үшінші топтағы мүгедекке айналды. Рас, айта кету керек, алғашқы отаны қытайлық компания төледі. Бірақ кейіннен жұмысшыға "Ауырсаң – жұмыстан шық!" деп қуып шығыпты. Айына шамамен 200 мың теңге шамасында табыс табатын Бауыржан қазір мүгедектігі үшін алатын зейнетақымен күн көруде. Оған 20 жастағы қызы қамқорлық көрсетуде.

Қытай компаниялары Қазақстан сотын бір тыңдап, бір тыңдамайды...

Омыртқасы шойырылған Бауыржан Юсупов бұрғылау бригадасының инженер-технологы қызметін қайтару үшін адвокат жалдап, сотта өз құқығын қорғап шығуға барын салған. Өйткені, инженер-технолог өзінің басынан өткен барлық жағдайға Чжан Личуньді кінәлі деп санайды.

"Бұрғылау компаниясының Қазақстан заңдарына бағынбайтыны мені қынжылтады. Мен жұмыста жүріп мүгедек атандым. Ал қазір кез-келген мәселемді тек сот арқылы шешетін жағдайға жеттім. Жарақат алғаннан кейін мені сот шешімімен жұмысқа алуын алғанымен, артынша көпке ұзамай шығарып жіберді", - дейді Бауыржан Юнусов.

Инженер-технологтың ойынша, Чжан Личунь Қазақстан заңдарына құрмет танытпайды әрі оларға бағынғысы келмейді.

Аударған: Әділет Мәдениет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір