• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
15 Қазан, 23:11:26
Сайлау қарсаңында "жоғалып кеткен" актер Шри-Ланкадан сәлем жолдады (видео)

23 Мамыр, 2019 NEWS

"Алиевтың" басшыларына сот үкім шығарды

2019 жылғы 15 мамырда Алматы Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты «Алиев» ҰҚТ қатысушыларына сот үкімі шықты

2019 жылғы 15 мамырда Алматы Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты «Алиев» ҰҚТ жетекшісі Қадыр Алиевке және қылмыстық топқа қатысушылар Аңсар Дартаевқа, Дмитрий Терешин мен Ерсен Жұмабаевқа үкім шығарды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

О приговоре суда по участникам ОПГ «Алиевские»

Сотталғандардың төртеуі де ҚР ҚК 125-бабының 2-б. 1), 8) тармақтарымен, 191-бабының 4-б. 2) тармағымен, 287-бабының 3-б. және 390-бабының 2-б. (адам ұрлау, тонау, қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру, билік өкілінің немесе жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын лауазымды адамның атағын өздігінен иемдену) көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

ҰҚТ жетекшісі мен оған қатысушылар К. Алиев, А. Дартаев, Д. Терешин мен Е. Жұмабаев 7 жыл және 1 айға бас бостандығынан айырумен қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде жазасын өтеуге сотталды.

Бұрын хабарланғандай, 2018 жылғы 10 қазанда Алматыда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Алматы облысының тұрғыны К. Алиевтің жетекшілігіндегі аса қауіпті қарулы ұйымдасқан қылмыстық топ әрекетін анықтап, жолын кесті.

Қылмыстық топтың негізін бұрынғы құқық қорғау органдарының қызметкерлері құраған, олар 2018 жылғы 13 қыркүйекте Жамбыл облысында Отар станциясында кәсіпкер Р. Агалюллинге қарулы шабуыл жасап, 107 мың доллар, 4 миллион рубль және 23 мың евро иемденген.

 

Тінту іс-шаралары барысында ұсталғандардан 8 пистолет пен қару, 140 бірлік оқ-дәрі, радиостанциялар, автомобильдердің жалған номерлік тіркеу белгілері, матадан жасалған бетперделер, кісендер мен басқа да қарақшылық шабуыл жасауға арналған құралдар табылып, алынды.

Жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларымен ұрланған ақшалай қаражат жәбірленушіге қайтарылды.

Аударған: Ильдар Адильченов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір