• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
21 Шілде, 14:32:06
"НЛО" деген жарықтық не болып шықты?(видео)

23 Мамыр, 2019 Саясат

Азат Перуашев: 31-мамыр күні рұқсат берілмесе де, шеруге шығатынымызды жариялаймын

Мемлекеттік институттарды әлсірету – азаматтардың өздері үшін де, мемлекет үшін де қауіпті.

"Ақ жол" партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Ақ жол" партиясының саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу үшін "Алашқа тағзым" атты шеруін өткізуге рұқсат бермеуіне қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Азат Перуашевтің мәлімдемесін оқырман назарына ешбір алып-қоспасыз ұсынамыз:

Құрметті қазақстандықтар!

Жуырда Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, "Ақ жол" партиясының саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу үшін "Алашқа тағзым" атты шеруін өткізуге рұқсат бермеді.

Рұқсат бермеуге негіз болған себептері – қып-қызыл өтірік. Біздің өтінішімізде барлық қажетті ақпарат заңға сәйкес көрсетілген болатын. Мемлекеттік органдарды да түсінуге болады: олар сайлау кезінде түрлі арандатулар мен бассыздықтардан қауіптеніп отырған шығар.

Сондықтан мынаны айтқым келеді: ешкім отқа май құйып, көпшілікті ашындыруға мүдделі емес. Мемлекеттік институттарды әлсірету – азаматтардың өздері үшін де, мемлекет үшін де қауіпті. Ұлттық тәуелсіздігіміз бен жеріміздің тұтастығын сақтау үшін мықты мемлекет керек.

Сонымен қатар, ол жай күшті ғана емес, әркім, өзінің мүмкіндіктері мен құқықтарын жүзеге асыра алатын, әділетті де, озық мемлекет болуы қажет. Оның ішінде сөз бостандығына деген азаматтардың хақы да бар.

Мемлекеттік органдар, адамдарды алаңға шығаратын ыза мен кек емес, жақсылыққа деген ұмтылысы екенін түсінгені жөн. Наразылықтың алдын алудың ең тиімді жолы – белсенділерді қамау емес, нақты реформаларды тездету.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, мен: "Алашқа тағзым" шеруіне рұқсат бермесе де, "Ақ жол" партиясының жетекшілері мен депутаттары 31-мамыр күні "Алаш" қайраткерлері мен қуғын-сүргінге ұшыраған ата-бабаларының портреттерімен олардың ескерткішіне барып, гүл қойып, құран бағыштайтынын жариялаймын.

Бұл шеру де, митинг те емес. Сондықтан біз осы жолы ешкімнен рұқсат сұрамаймыз. Біздің Қазақ Республикасының болашағы үшін құрбан болғандарға тағзым етуге толық конституциялық хақымыз бар.

Азат Перуашев,

"Ақ жол" партиясының төрағасы

Ұсынған: Әділет Мәдениет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

4 пікір

Курпебаев Коблан Сундетович 24 Мамыр, 2019

Бұл шеру де митингте емес дейсің сонда аруақтарға тағзым етугеде рұқсат алу керекпе ол дегеніміз көшеге шығуға рұқсат сұрағанмен бірдей ғой Азат сен тірі адам қызметінен кетті деп көз жасыңа ерік бердің ал нағыз жылайтын жер осы осы аруақтарды еске алғанда Алаштың ардақтыларын кезінде ешкім қорғай алмады Ал кәзір шындықты айтып жургендерді қорғауға кім кедергі жасайды неден қорқасыңдар әлде тағы 30жыл күтейік пе 1932жылғы ашаршылықты қашан көтересіңдер

Молдашев Аманкельди 25 Мамыр, 2019

Англияның барлық қалаларында арнайы жасақталған алаңдар бар.Площадь ораторов деп аталады.Сол алаңдарға халық жиналып өздерінің билікке наразылықтарын,пікір-ойларын,ұсыныстарын білдіреді.Жиналғандарға Үкімет 3-талап қояды.Мемлекттік төнкеріске,ұлтаралық қақтығысқа,терроризмге шақырмайсың деген.Сол халық жыйналған алаңдарда Үкімет адамдары жүреді,мінбеге шығып сөйлеп жатқан адамдардың жақсы ұсыныстары болса блокнотына түртіп аладыда Үкімет отырысында қарап,келесі айда қаулы ғып шығарады.Халық Үкімет біздің ойымыздағыны тапты деп мәз болады.Сол алаңдарды бақылап тұрған полицейлер жоқ.Жиналған халық өзін еркін сезінеді.Осы үрдісті Қазақстандада қолдану керек.Запретный плод всегда слачще дейді ғой.Сондықтан Үкімет барлық қалаларда арнайы бөлінген,жасақталған алаңдар дайындаса,

Молдашев Аманкельди 25 Мамыр, 2019

Билік шынайы халықпен диалог орнатқысы келсе, менің ұсынысымды қарастырса.Халық қашанғы өздеріне бөлінген алаңдарға жыйнала береді дейсің бір күндері жалығып өздері қояды жыйналғанды,әрі іштегі шерін шығарып көңлі жайланады.Сонда халық көшеге шықпайды,өздеріне арналған алаңға барады.

Ғалымжанова Әсел 29 Мамыр, 2019

Алаштың нағыз Арда ұлдары! Сендер Ұлықтамағанда, оны кім ұлықтайды?! Сендер шеру өткізбегенде, Кім өткізеді?! Қазақтың ұлтжанды азаматтары жиналған Алаштың Ақ жолымен жүретін "Ақ жол" партиясы! Жарайсыңдар!