• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:05:19
Алматы
+35°

23 Мамыр, 2019 NEWS

Samsung Алматыда жаңа QLED 8K кинотеатрын ашты

QLED 8K Cinema кинотеатры көрсеткен алғашқы фильм Чад Стахелскидің “Джон Уик 3” боевигі болды.

8K ультражоғары тұнықтығы және жасанды интеллект технологиясы бар әлемдегі бірінші QLED теледидарымен жабдықталған кинотеатр Esentai Mall ойын-сауық орталығындағы Kinopark аумағында ашылды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Samsung компаниясы осы жобаны Kinopark кинотеатрлар желісімен бірге  қолға алған.

VIP-кинозалдың ашылу рәсімінде Samsung өкілдері журналистерге инновациялық QLED 8K желісінің ерекшеліктерін көрсетті.

Самсунг

8К – экранның тұнықтығын барынша жоғарғы деңгейде көрсетеді, жасанды интеллектің арқасында контент сапасы 8К өлшеміне дейін жақсарған, экранның көрінісі бөлмедегі жарықпен реттеледі. 

Ашылу рәсімінде Samsung Electronics Central Eurasia президенті Хан Санг Ву кинотеатр ашуға не себеп болғанын айтты.

"Адамдар кинотеатрға үлкен экрандағы шынайы бейнені тамашалап, дыбыс үндестігінен әсер алу үшін  барады. Ал үлкен экраны бар QLED 8K (ең жоғары диагоналі – 98 дюйм) сол сапаны береді. Яғни көрермен QLED 8К теледидарынан сүйікті кинотуындыларын көргенде бейнесі мен дыбысының сапасы жоғары заманауи кинозалда отырғанын сезінеді. Сіз экранда болып жатқан бейнеден әсер аласыз, бөлмеде болсаңыз да өзіңізді оқиғаның ортасында жүргендей сезінесіз", – деді ол.

самсунг

Естеріңізге сала кетсек, QLED 8K Cinema кинотеатры көрсеткен алғашқы фильм Чад Стахелскидің “Джон Уик 3” боевигі болды.

Сонымен бірге Samsung өкілдері дәл осы кинотеатрда компанияның болашақ флагман өнімдерінің таныстырылымын өткізетінін хабарлады.

Ұсынған: Маржан Сәбет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір