• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

23 Мамыр, 2019 Саясат

ҰҚК бұрынғы басшысы 25 жылға сотталды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Алнұр Мұсаев 25 жылға сырттай сотталды

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Әлнұр Мұсаев 25 жылға сырттай сотталды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Әлнұр Мұсаевқа “билікті күшпен тартып алу” айыбы тағылып, сырттай 25 жыл қатаң режимді колонияға сотталды.

Ол өзінің Facebook парақшасында Қазақстан Республикасының президенттігіне үміткер Әміржан Қосановты "ҰҚК-мен бірге жұмыс істейді" деп ақпарат таратқаны белгілі.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы Австрияға қашқан Әлнұр Мұсаев пен ҰҚК қызметкері Вадим Кошляк екеуі 2007 жылы “Нұрбанктың” екі топ-менеджері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновты өлтірді деп айыпталған. Бір жыл бойы изоляторда отырып, Рахат Әлиевпен бірге сот алдында жауап берген. Австриялық сот Вадим Кошляк пен Әлнұр Мұсаевты “топ-менеджерлер өлімі” бойынша ақтап, сот залынан босатқаны белгілі. Ал Рахат Әлиев басты күдікті ретінде изоляторда қалды. 2015 жылдың 24-ақпан күні ол тергеу изоляторында өлі күйінде табылғаны белгілі.

Дайындаған: Ильдар Адильченов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

1 пікір

Бектас 24 Мамыр, 2019

Геникологтан генерал жасаған адамдардың бәрі түгер жауапқа тартылуы керек.