• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

23 Мамыр, 2019 NEWS

Тоқаев Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулетті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық рухани әлеуетті ілгерілету ісінде ақын-жазушылар қауымы маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Қазақстан Президентіне әдебиеттің қазіргі жағдайы мен дамуы, Жазушылар одағының атқарған жұмыстары және алдағы жоспары жөнінде мәлімет берілді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

Сонымен қатар Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет  биыл елімізде өтетін Азия елдері қаламгерлерінің форумына дайындық мәселесі жайлы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық рухани әлеуетті ілгерілету ісінде ақын-жазушылар қауымы маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Соңында Мемлекет басшысы Жазушылар одағының жұмыстарына жоғары баға беріп, қаламгерлерге шығармашылық табыс тіледі.

Ұсынған: Маржан Сәбет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір