• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 08:57:34
+35°

24 Мамыр, 2019 NEWS

ШҚО әкімшілігі Аxметов айтқан 40 мың гектар жер туралы түсінік берді (Видео)

Оның айтуынша, ешқандай жер қытай инвесторларының қолына берілгелі тұрған жоқ. Жер сатылмайды.

Qamshy.kz ақпарат агенттігі бүгін "ШҚО әкімі қытайларға 40 мың гектар жер беретін болды" деген ақпарат жариялаған-ды. Аталған мақаланың шығуына AltayNews сайтындағы ақпарат негіз болған. Дәл осы материалға қатысты ШҚО әкімшілігі түсінік беріп отыр. Аймақ басшылығының мәлімдемесін қаз-қалпында назарларыңызға ұсынамыз. 

"Қазіргі уақытта Үржар ауданының аумағында 300 га жер мемлекеттік резервтен шығарылған. Осы екі учаскеге құс фабрикасын салу жоспарланған. Ауқымды құрылыс жұмыстарына қазақстандықтармен қатар, шетелдік инвесторлар да қатыса алады. Жерді сату туралы ешқандай әңгіме жоқ. Сонымен қатар Үржар ауданында 40 мыңға жуық гектар ауылшаруашылық телімдері құс фабрикасының жем-шөп қорын қамтамасыз ету мақсатына мемлекет меншігінде сақталып тұр", - дейді  облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Виктория Барсукова.

Оның айтуынша, ешқандай жер қытай инвесторларының қолына берілгелі тұрған жоқ. Жер сатылмайды.

Ұсынған: Әділет Мәдениет

Әділет Мәдениет

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір