• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 11:37:24
Алматы
+35°

24 Мамыр, 2019 Тарих

Қазақстанның қос президенті Қытайда танысқаны рас па?

Назарбаев: Оны жан-жақты зерттеу қажет, дос ретінде, жолдас ретінде, неге қызығатынын білу керек

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевпен алғаш қалай танысқандарын еске алды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Елбасы "Nur Otan" партиясы кандидатының Республикалық штабының мүшелерімен кездесуінде айтты.

"1984 жылы мен үкімет басшысы болып тұрғанымда, Кеңес одағының делегациясымен  Қытайға бардым. Ол кез ССРО мен Қытайдың арасындағы саяси кикілжің ушыққан кезең еді. Жоғары кеңестің делегациясы қатарында бізге қытай тілінен аударма жасауға көмектескен жас жігіт болды. Ол жігіт Қытайдағы ССРО елшілігінде жұмыс жасайды екен. Ол – Қасым-Жомарт Тоқаев еді. Қасым-Жомартпен алғаш кездесуім осылай болып еді", - деді өткенді еске алған Нұрсұлтан Әбішұлы.

Алғаш тәуелсіздік алған жылдары Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне тәжірибелі мамандар жетіспегенін, сол уақытта Тоқаевты Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне шақырғанын да Елбасы атап өтті.

"Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне білікті мамандар қажет болды, Қасым-Жомарт Кемелұлын Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне шақырдым. Сол кезден бері бірге жұмыс жасап келеміз. Сіздерге мұның барлығын менің бұл адамды қаншалықты жақын танитынымды түсінсін деп айтып отырмын. Адамды барынша жақын тани түсу үшін, оны жан-жақты зерттеу қажет, дос ретінде, жолдас ретінде, неге қызығатынын білу керек", - деді Нұрсұлтан Назарбаев

Дайындаған: Дәурен Сыбанбай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір