• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

24 Мамыр, 2019 Әлемде

Президент көбелектермен күрес жүргізуді тапсырды

Жергілікті билік бұл жағдайдың алдын алмағанын Гурбангулы Бердімұхамедов ерекше сынға алды...

Түрікменстан басшысы Гурбангулы Бердімұхамедов Ашхабад қаласында қаптаған көбелектер мен шыбын-шіркейлерді жоюға тапсырма берді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі iz.ru сайтына сілтеме жасап.

Түрікменстан президенті қалалық мәжіліс залында сөйлеген сөзінде жоғары ылғалдылық пен жиі жауған жаңбырдың салдарынан қалада көбелектер мен шыбын-шіркейлер қаптағанын айтқан. Бірақ Гурбангулы Бердімұхамедов бұл жағдайдың алдын алмаған жергілікті билікті ерекше сынға алды.

Экологиялық норманың бұзылуын ретке келтіру үшін жауапты ведомства шұғыл әрекет жасауы керек. «Мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі - қалаларымыз бен ауылдарымыздың  экологиялық хал-ахуалын қамтамасыз ету», - деді президент.  

Естеріңізде болса, Түрікменстан президенті ахалтеке құлыны туралы рэп оқыған болатын. Ел басшысы өзі шығарған өлеңді (рэп) Халықаралық ат спорты орталығында ахалтеке жылқысының Ұлттық мейрамына орай ұйымдастырылған мерекелік шарада оқыған. Музыкасын президенттің немересі Керимгулы жазған.

Дайындаған: Маржан Сәбет

Оқи отырыңыз: 

♦ Түрікменстан президенті рэп оқып, желіні "жарды" (видео)

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір