• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:07:58
Алматы
+35°

24 Мамыр, 2019 NEWS

Сириядан оралған азаматтар қамауға алынды

Оларды жақында Сириядан «Жусан-2» арнайы операциясы барысында алып келген.

Сириядан оралған төрт ақтөбелік қамауға алынды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Hola News сайтына сілтеме жасап.

Ол туралы Ақтөбе облыстық соты мәлімдеді.

Ақтөбеде Сириядан оралған үш еркек пен бір әйелді қамауға алуға сот санкция берді. Олар лаңкестік топтың құрамында болып, терроризмді насихаттаған және діни алауыздық тудырғаны үшін айыпталып отыр.

Қамалушылардың төртеуі де Ақтөбе облысының тұрғындары, оларды жақында Сириядан «Жусан-2» арнайы операциясы барысында алып келген. Алайда, олар елге келгеннен кейін бірде-бір жақындарымен сөйлеспей, бірден тергеуге жіберілген. Олардың Сирияға қашан, қалай кеткені әзірге анықталмады.

«Террористік топтың әрекетіне немесе оны жасайтын терроризм актілері қатысқан деп күдіктелген Алмағамбетова, Төреханов, Қуанов және Сәбитұлына қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану негізді деп танылды», - деп айтты Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы Анар Айтжанова. 

Ұсынған: Маржан Сәбет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір