• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 02:09:14
Алматы
+35°

24 Мамыр, 2019 NEWS

Ұлттық тестілеу орталығының бас директоры қамауға алынды

Білім министрлігіне қарасты Ұлттық тесттілеу орталығының бас директоры қамауға алынды

Білім және Ғылым министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығының бас директоры қамауға алынды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі МҚІСЖҚІА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соңғы 3 жылда білім саласында 620 коррупция жағдайы орын алды. Шығын көлемі – 1,5 млрд теңге. Осыған байланысты 364 адамның қылмысы әшкереленді: оның ішінде 57 мектеп директоры, 10 колледж директоры, 22 балабақша  жетекшілері.

Ағымдағы аптада Ұлттық бюро пара алудан Білім және Ғылым министрлігіне қарасты “Ұлттық тестілеу орталығының” басшыларының коррупциялық жүйелерін анықтады. Орталық білім деңгейін баға беруден барлық емтихандарды ұйымдастыру және өткізумен айналысады.  

Қазіргі таңда, 2016 жылдан бері басқарған Ұлттық тестілеу орталығының бұрынғы бас директорының қызметін атқарушысы құны 9 млн теңге тұратын су жаңа "Toyota Camry" автокөлігін пара ретінде алған. Ол жауап ретінде білім саласындағы мемлекеттік сатып алу жүйесін жеке компанияларға бұруға әрекет жасаған.

Пара күйінде берілген автокөлік тәркіленді.  Қазір соталды тергеу ісі жалғасуда.

Аударған: Ильдар Адильченов

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір