• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:10:01
Алматы
+35°

24 Мамыр, 2019 NEWS

Қайрат Сөнтаев: "Ағайынды Рысқалиевтерден 12 миллиард теңге тәркіленді"

Ағайынды Рысқалиевтердің қылмыстық тобы Андорра мен Швейцарияға 104 миллион доллар шығарып үлгерген

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның төрағасы Қайрат Сөнтаев ағайынды Рысқалиевтердің ұрлаған ақшасын қайтару бойынша қандай жұмыс атқарылып жатқаны туралы баяндады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, ағайынды Рысқалиевтерге қатысты сот үкімі бойынша ұрланған қаражатты мемлекетке қайтару шаралары да ескерілген. Оның ішінде Андоррадағы 14 миллион және Швейцариядағы 90 миллион доллар да бар. 

"Сондай-ақ, сотталғандардың 3 миллиард теңгенің мүлкі тәркіленді. Оның ішінде Атырау облысы мен Ақтөбе облысында орналасқан 170 жылжымайтын мүлік бар. Бұдан бөлек, кінәлі азаматтардан заңсыз келісімшарттардың негізінде түскен 12 миллиард теңге тәркіленді", - деді Сөнтаев баспасөз мәслихатында.

Бюро басшының сөзіне қарағанда, сотқа дейінгі тергеу кезінде 3 миллиард теңге мемлекет меншігіне қайтарылды. Ағайынды Рысқалиевтер бұл ақшаны жылжымайтын мүлікті мемлекеттік баланстан шығару арқылы иемденген.

Ұсынған: Маржан Сәбет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір