• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 12:04:51
Алматы
+35°

24 Мамыр, 2019

Инспектордан күдіктенуде: "нарықта" әскери билет құны қанша? (Видео)

Үстіміздегі жылдың 1-наурызынан бастап Қазақстанның Қарулы күштері қатарына көктемгі шақырту науқаны басталды.

Әскерге бармай, қызмет еткенін куәландыратын билеттерді сатып алу фактілерінің саны азаймай тұр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық іс-қимыл бюросы Екібастұз қаласында тіркелген осы типтес факті туралы мәлімдеме жасады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Үстіміздегі жылдың 1-наурызынан бастап Қазақстанның Қарулы күштері қатарына көктемгі шақырту науқаны басталды. Қорғаныс министрлігі әскер қатарына шақыртылған азаматтар санының аздығынан бөлек, өз еріктерімен әскер қатарына барғысы келетін азаматтар қатарының артып келе жатқанын да айтады. Десек те, әскери билетті басқа жолмен алғысы келетіндер де аз емес.

"Екібастұз қаласының қорғаныс істері бойынша жұмыс жасайтын бөлімінің инспекторы тарапына сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Ол делдалдар арқылы әскери билет жасап беру үшін 800 мың теңге көлемінде пара алды деп айыпталуда. Айыпталушы өткен отырыстарда өзіне тағылған айыпты мойындамады. Тергеу жалғасуда", - делінген аталмыш мәлімдемеде.

Аударған: Әділет Мәдениет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір