• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 04:05:02
Алматы
+35°

24 Мамыр, 2019 Әлем

Зеленский отставкаға кете ме?

Украиналықтар Зеленскийдің отставкаға кетуін талап етуде

Украиналықтар Зеленскийдің отставкаға кеткенін талап етуде деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ria.ru сайты хабарлады. Владимир Зеленскийдің отставкаға кетуін талап ету туралы петиция Украина президенті сайтына жарияланған. Бір күн ішінде петицияға 25 мыңға жуық адам қол қойған. Ал бұл сайтқа жарияланғаннан кейін қол қойғандардың саны 40 мыңға жуықтады. 

Петицияның авторы Зеленскийді украиналықтардың 73 пайызы қолдайтынына күмәнмен қарайтынын айтқан. 

Ал Зеленский болса аталмыш петицияны қарастырмайтынын айтты. Бұл туралы президенттік әкімшіліктің басшысы Андрей Богдан хабарлады. Оның айтуынша, Зеленскийдің командасы бұл петицияны "жақсы әзіл" деп бағалапты. Сондай-ақ отставкаға кетуін талап еткен петициядан кейін Зеленскийге 10-нан астам өтініш келген. Олар петицияны қарастырудан бас тарту керектігін айтып, өтініш жасапты. 

Аударған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір