• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:43:47
Алматы
+35°

24 Мамыр, 2019 NEWS

Тоқаев мораторий жариялады

Қиын-қыстау заманда мемлекет экономикалық өсімді қолдаудың ауыртпалығын әрқашан өз мойнына алды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа мемлекеттік компаниялар құруға мораторий жариялады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың дерегін негізге алып.

"Қиын-қыстау заманда мемлекет экономикалық өсімді қолдаудың ауыртпалығын әрқашан өз мойнына алды. Экономиканың жүйелі бәсекеге қабілеттілігі жеке бизнес есебінен қалыптасатынын естен шығармаған абзал. Дәл осы себептен мемлекеттің экономикадағы үлесін ЭЫДҰ елдерінің стандарттарына дейін жеткізу міндеті қойылды. Бұл жеке инвестициялар мен шағын және орта бизнестің дамуына серпін береді", - деді Тоқаев ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысында.

Мемлекет басшысы үкіметке 1 қыркүйекке дейін мемлекеттік компаниялар үшін рұқсат етілген барлық қызмет түріне ревизия жүргізіп, оларды қысқартуға қатысты ұсыныстар енгізуді тапсырды.

"Бүгін экономикада жаңа мемлекеттік компаниялар құруға мораторий жариялаймын", - деді президент.

Айта кетсек, бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысын өткізді. Жиынға Ұлттық инвесторлар кеңесінің мүшелері, президент әкімшілігі мен мемлекеттік органдардың басшылығы, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының мүшелері, ұлттық компаниялар мен еліміздің бизнес өкілдері қатысты.

Отырыс тақырыбы "Кәсіпкерлікті дамыту – ел экономикасын жаңғыртудың негізі" деп аталды.

Ұсынған: Әсел Болатқызы

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір