• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Тамыз, 20:42:55
Abyroikz ұлттық киімдер дүкендері желісінің басшысы: Сапалы адамнан ғана сапалы өнім шығады

24 Мамыр, 2019 Саясат

Сайлауалды дебаттың күні белгілі болды

Сайлауалды дебат үш кезеңнен тұрады...

Қазақстанның президенттігіне үміткер кандидаттар сайлаудың алдында дебат өткізеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлейменованың мәлімдемесін негізге алып.

2019 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, қатысушылар арасында сайлауалды дебат өткізу мәселесі талқыланды. 

«Дебатты 2019 жылы 29 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында өткізуді ұсынып отырмыз», - деді Сүлейменова.

Орталық сайлау комиссиясының аппаратына  аталған шешімді Қазақстан президенттігіне үміткерлердің сайлауалды штабы мен "Хабар" агенттігіне хабарлау тапсырылды. Сонымен қатар сайлауалды телевизиялық талқылау мен дебат өткізу мәселесі бойынша "Хабар" агенттігімен келісім шарт жасалады.

Дебаттың бірінші кезеңінің тақырыбы – "Қазақстанның экономикалық даму басымдықтары". Бұл кезеңнің өзі екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде сайлауға түсушілердің әрқайсысы өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырады. Екінші бөлімде әрбір қатысушы қарсыластарына сұрақ қойып, пікірталас өткізеді. Сайлауға түсушілер  өздерінің оппоненттеріне екі сұрақтан қойып, сондай-ақ екі сұраққа жауап бере алады.

Екінші кезеңнің тақырыбы – "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы". Бірінші бөлімде аталған тақырып бойынша сөз сөйлейді. Екінші кезеңде жүргізуші барлық қатысушыларға бір сұрақ қояды.

Үшінші кезең – «Сайлаушыларға сөз». Бұл кезеңде дауыс берушілер президенттікке үміткерлерге тікелей сауал жолдай алады.

ОСК-ның айтуынша, дебат 80 минутқа созылуы мүмкін.

Дайындаған: Маржан Сәбет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір