• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 00:45:44
Алматы
+35°

24 Мамыр, 2019 Саясат

Тоқаев дебатқа қатыспауы мүмкін: Не себепті?

ОСК мүшесі Ләззат Сүлейменова бұл мәселеге қатысты...

2019 жылы 29 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында сайлауға түсетін үміткерлер арасында дебат өтеді деп хабарлаған болатын Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Алайда бұл дебатқа Қасым-Жомарт Тоқаев қатыспауы мүмкін. Ол жағы әзірге белгісіз.

Орталық сайлау комитеті "Nur Otan" партиясының атынан сайлауға түскен Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың дебатқа қатысуы белгісіз екенін атап өтті. Өйткені 2019 жылдың 29 мамырында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді. 

ОСК мүшесі Ләззат Сүлейменова бұл мәселеге қатысты: "Біз мұндай ауқымды шараның өтетінін білген жоқпыз. Науқан барысында түрлі іс-шаралар өтіп жатады", - деп жауап берді. 

Ұсынған: Маржан Сәбет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір