• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
24 Тамыз, 12:45:34
Қорықшылардың материалдық-техникалық базасы күшейтіледі

24 Мамыр, 2019 Спорт

Жансая Әбдімәлік әлемдегі ең мықты шахматшыны "алтынсыз" қалдырды

«Менің қарсыластарым әр жылдары әлемдік біріншілікте топ жарған шахматшылар. Сол себепті, бір секунд та аялдауға қақым болған жоқ."

Қытайдың Хэншуе қаласында шахматттан IMSA World Masters чемпионаты аяқталды. Жансая Әбдімәлік экс-чемпион Александра Костенюкті «алтынсыз» қалдырды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Шахмат федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан шахматшылары мұндай ірі сайысқа бірінші рет шақырылып отыр. Қазақстан атынан жарысқа чемпионаттың ең жас ойыншысы атанған халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік барды. Шахматтың рапид пен блиц кезеңдері бойынша әлемнің ең үздік 16 шахматшысы өзара сынға түскен еді. Алматылық шахматшы әлемнің бірнеше экс-чемпиондарынан айласын асыра білді.

«Менің қарсыластарым әр жылдары әлемдік біріншілікте топ жарған шахматшылар. Сол себепті, бір секунд та аялдауға қақым болған жоқ. Рапид сайысы бойынша мен 2017-2018 жылғы әлем чемпионы Тан Чжунъиді жеңдім. Сонымен бірге, Нану Дзагнидзе, Ирина Круш секілді мықты шахматшылардан да мерейім үстем болды. Блиц кезеңінде Мария Музычуктан 2:0 есебімен есемді қайтардым. Дәл осындай есеппен Хампи Конерді жеңдім», - дейді Жансая Әбдімәлік.

Турнирдің қорытындысы бойынша, Жансая Әбдімәлік өз рейтингін 2414-ке көтерді. Ол қазіргі уақытта шахматтың классика, рапид және блиц кезеңдері бойынша ЭЛО деңгейі бар бірден-бір қазақстандық шахматшы екенін айта кету керек.

«Жансая сайыс қорытындысы бойынша рапид пен блиц бойынша жетінші орын алды. Ол керемет ойын көрсетті. Әлемнің үздік шахматшыларын ұтып қана қоймай, қытайлық фаворит Лей Тинцзымен тең түсті. Әлемнік экс-чемпионы Анна Ушенинова мен Александра Костенюкпен өткен партияны тең аяқтады. Алайда Жансая бір партия бойынша атақты ойыншылардан айласын асырды. Дәл Жансаядан жеңілуі себепті Костенюк бұл чемпионатта алтын медалінен айырылды», - дейді Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко.

Чемпионатқа әлемнің 36 елінен 170 шахматшы қатысты. IMSA World Masters Championship ең алғаш рет 2008 жылы өткен еді. Чемпионатқа осыған дейін Анатолий Карпов, Сергей Карякин, Хикару Накамура, Левон Аронян, Александр Грищук, Хоу Ифань, Джу Вендзуй секілді әлемге әйгілі шахматшылар қатысқан.

Ұсынған: Мақпал Сембай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір