• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 13:15:30
Алматы
+35°

25 Мамыр, 2019

14 жыл бұрынғы құпия өлім: Алматыда ресейлік бизнесменді өлтірген киллер әйел кім?

Ресейлік ірі бизнесмен Рамазан Чаркселианиді Алматы-1 маңында 2005 жылы атып кеткен болатын.

Осыдан 14 жыл бұрын қоғамда резонанс тудырған Алматы қаласында болған оқиға әлі күнге дейін жұмбақ күйінде қалды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі caravan.kz сайтының дерегін негізге алып. 

Ресейлік ірі бизнесмен Рамазан Чаркселианиді Алматы-1 маңында 2005 жылы атып кеткен болатын. Бұл тәуелсіз Қазақстанда киллер-әйелдің қатысуымен болған алғашқы қылмыстық оқиға. 

2005 жыл... Қылмыс болған оқиға орнына арнайы полиция қызметкерлері келді. Олар көліктің ішінде 45 жастағы кәсіпкерден бөлек оның әйелі және кәмелетке толмаған қызы болғанын айтқан. Қылмыс Яссауи көшесінде болған. 

Куәгерлердің сөзінше, Рамазан Чаркселиани көлікті КПП кабинасының жанына тоқтатқан кезде,  қара көзілдірікті әйел оның көлігінің қасына барған. Бейтаныс әйел кәсіпкерге бірнеше сұрақтар қойып, назарын аудармақ болады. Кейін оған 4 рет оқ атады. Бірінші оқ кәсіпкердің иығына, ал екі оқ қақ маңдайына тиеді. Кәсіпкер сол жерде тілге келмей қайтыс болған. Ал төртінші оқ әйелінің сол қолының саусағына тиеді. Бір ғажабы көліктің артында отырған балаларға оқ тимей, аман қалған. 

Бірнеше секундқа созылған шабуылдан соң, қылмыскер оқиға орнынан ізін суытады. Куәгерлердің айтуынша, киллер Ауди - 100 маркалы көлікке мініп кеткен. Ал көлік жүргіуші еуропалық жас жігіт болған. 

Бизнесменнің әйелін шұғыл ауруханаға жеткізген. Сол маңдағы күзетшілер болса өлердей мас болған. Аталмыш қылмыстық оқиғаға бірнеше себеп бар.

Біріншісі, қарсыластардың қанды кегі болуы әбден мүмкін. Чаркселианидің Алматыдағы көтерме-сауда орындарының бірін сатып алуды ойластырып жүргені белгілі болды. Алайда тексеру жұмыстары кезінде бұл нұсқаға байланысты ешқандай айғақ табылмады. 

Сондай-ақ бизнесменді өлтіруге тапсырыс Ресейден келген болуы мүмкін. Себебі бизнесмен қайтыс боларынан 7 жыл бұрын Ресейден Қазақстанға көшіп келген. 

Бұл іске қатысты әскери қызметтегі барлық әйелдер тексеруден өтті. Олардың қатарында ІІМ-дегі, ҰҚК-дегі тіпті аңшылық қауымдастықтағы әйелдер тексерістен өтті. Бірақ бәрі бекер болды. Кісі өлтірушінің әйел адам екені саусақ ізі арқылы анықталды. Чаркселиани көлігінің терезесінде киллердің саусақ іздері қалған. 

Сонымен қатар қылмыскердің "Борз" деп аталатын шешендердің пистолет-пулеметін қолданғаны анықталды. 

Мұндай қару-жарақтар Ресейдегі екінші шешен соғысынан кейін өте көп болды. Барлық қару-жарақ иесіне қатысты тергеу жұмыстары жүргізілсе де, соңы нәтижесіз аяқталды. 

Полиция қызметкерлері кісі өлтіруге тапсырыс берген адамға қатысты түрлі болжам жасағанымен,  киллердің куәгерлігі арқылы ғана қылмысты дәлелдей алатын еді. Ал киллер-әйел сол күйі із-түссіз жоғалды. Ешқандай айғақ та табылмады. Ең өкініштісі, бизнесменді өлтіруге тапсырыс берген адам мен киллер 14 жыл бойы бостандықта тайраңдап жүр.

Аударған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір