• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:59:41
Алматы
+35°

25 Мамыр, 2019 Саясат

Қытай үшін қазақтар екінші сортты адамдар ма?

ҚХР жергілікті консулдық Қазақстан, Қырғызстаннан шыққан азаматтарға қытайлық Фуюань қаласына кіруге тыйым салды

Хабаровск өлкесінде ҚХР жергілікті консулдығы Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәджікстан, Әзірбайжан және ресейлік автономиялық республикалары Татарстан мен Дәгістан елдерінен шыққан азаматтарға қытайлық Фуюань қаласына кіруге тыйым салды. Бұл Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Китайская угроза» атты Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Қытай себепсіз бұл тыйым туралы біржақты шешім қабылдаған. ҚХР билігінің бұндай шешімі туралы ресейлік СІМ қызметкерлері де білмей қалды. Қиыр Шығыстағы ресейлік димломатиялық ведомстваның өкілі Павел Силаевтың айтуынша, Хабаровск қаласындағы ҚХР бас консулдығына арнайы нота жіберілді. Қытай өкілдері бұл жағдай туралы пікір білдірмеді.

“15-мамыр күні біз Хабаровсктағы ҚХР бас консулдығына арнайы нота жібердік. Жауапты бірнеше күнде күтеміз. Қытайлық тарап өз шешімдері туралы бізді ескертпеді. Бұл ішкі терроризммен күрес болуы мүмкін. Бірақ біз ештене білмейміз. Жағдайды білген соң, проблеманы шешу жолын табамыз”, -деді Павел Силаев.

Аударған: Ильдар Адильченов

Ильдар Адильченов

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір