• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 09:33:13
Алматы
+35°

25 Мамыр, 2019

Ержан Максим "Голос.Дети" шоуының жеңімпазы атанды

Қазақстандық жас әнші Ержан Максим Ресейде өткен "Голос.Дети" шоуының жеңімпазы атынды

Қазақстандық жас әнші Ержан Максим Ресейде өткен "Голос.Дети" шоуының жеңімпазы атынды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы аталған шоуды ұйымдастырушы "Бірінші арна" директоры Константин Эрнест шоудың арнайы шығарылымында мәлімдеді.

"Голос.Дети" шоуының финалына шыққан қатысыушылардың барлығы жеңімпаз. Олардың әрқайсына 1 миллион рубль сыйақы және "Юниверсал мьюзик" студиясында ән жазуға мүмкіндік беріледі", - деді Эрнест.

Жеңімпазға берілетін мүсіншені бірінші болып Ержан Максимге тапсырған Эрнст оған "Бірінші арнада ештеңе сатылмайтынын сен енді білетін боласың" деді.

Сонымен қатар Константин Эрнст "Голос.Дети" шоуы жалғасатынын айтты.

Естеріңізде болса, 26 сәуірде "Бірінші арна" тікелей эфирінде "Голос Дети" шоуының финалы өтіп, ресейлік әнші Алсудың қызы Микелла Абрамова 56,5 пайыз дауыспен жеңіске жеткен. Қазақстандық Ержан Максим 27,9 пайыз дауыспен – екінші, Валерий Кузаков 15,6 пайыз дауыспен үшінші орын алған.

Бұл нәтижеге көңілдері толмаған ресейлік әншілер мен актерлер, желі қолданушылары конкурс дауыс беру нәтижесін қайта қарауды талап еткен. 

Ұсынған: Мият Кәшібай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір