• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 14:31:26
Алматы
+35°

25 Мамыр, 2019 NEWS

Өзіне үйленген өзгеше әйел

Қалыңдықтың айтуынша, дәл осы жағдайдан кейін тұрмысқа шығамын деп жүрген қыздардың арманы орындалады-мыс

Осы жексенбі күні Бразилияның Белу-Оризонти қаласында бұрын соңды болмаған неке қию салтанаты өтеді деп жазадымQamshy.kz ақпарат агенттігі Мир Новостей сайтына сілтеме жасай отырып.

Жасы 39- ға келген қала тұрғыны Жуссара Дутра Коту өз-өзімен неке қимақ. Бұл аталмыш жағдай Бразилиядағы ең бірінші болып тіркеледі.

Отбасылық өмірге ерекше қадам басайын деп отырған қыздың не қию рәсімі өзінің әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирден көрсетіледі. Ақ көйлек киген қалыңдықты шіркеудің басты орынына 21 жастағы қызы алып барады, ал рәсімнің жүргізушісі ретінде құрбысын шақырыпты.

Котудың айтуынша, неке жүзігінің орынына көбелектің қанатын жалғап алған қыз бейнесін салмақ. Оның пікірінше, осы бейне тәуелсіздік нышанын білдіретін болады. Сонымен қатар, ол тойдан кейін басқа адамдармен де жақын араласатынын жасырмады.

Қалыңдықтың айтуынша, дәл осы жағдайдан кейін тұрмысқа шығамын деп жүрген қыздардың арманы орындалады-мыс. Өзіңе деген махаббат – ең таза махаббат

Аударған: Бек Байтас

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір