• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 02:55:43
Алматы
+35°

25 Мамыр, 2019 IT

Бұлар ... өмірде жоқ...

Кезінде атом бомбасын жасаушылар да осылай толғанған. Бірақ бәрібір жасаған.

ThisPersonDoesNotExist.com сайты біраздан бері жасанды интеллекттің өнімін ұсынып келеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі zen.yandex.ru сайтындағы Ерлан Оспанның жазбасын негізге алып.

"Бұлар ... өмірде жоқ..." деп басталады автордың жазбасы... "Бірақ, дүниенің жалғандығы мен жеті қат жердің астынан тауып алатын тіміскі ажалды ойлап, қамықпай-ақ қойыңыз. «Әттеген-ай, жас екен!» деп мүсіркемей тұра тұрыңыз.

Бұлар өмірде жоқ. Болмаған да. Кәдімгі жасанды интеллекттің өнімі. ThisPersonDoesNotExist .com (қазақшаласақ, «МұндайАдамӨмірдеЖоқ.com») сайты біраздан бері жасанды интеллект арқылы адам фотоларын «ойдан шығарып» көрсетеді. Парақты жаңартқан сайын (F5 пернесін басуға да болады) — жаңа фото ұсынады.

Бұл қалай мүмкін болды?

The Verge хабарлауынша, бұл сервисті программист Philip Wang жасаған. Жасау үшін өздеріңізге, әсіресе геймерлерге әйгілі nVIDIA зерттеулерін пайдаланылған. Бұл графикалық процессор алпауытын келесіде ерекше атап өтерміз. Әйтеуір бизнесін қазірше айтқанда - «диверсификациялап», бүгіндері өзі машықтанған графикалық темір-терсектер шығарудан басқа, жасанды интеллект зерттеуде де озып отыр. Осы фотолардың «өмірге келуіне» осы компания жасаған StyleGAN алгоритмі қолданылған. Және осы биігінде қалатын түрі жоқ. Қазір зерттеушілер енді — аниме кейіпкерлерін жасау, тіпті, граффити салу мен қаріп «ойлап табудың» жолын қарап жатыр!

Бірақ этикалық мәселе бар. Мұндай жасанды фотоларды мыңдап, жоқ, шексіз шығару мүмкіндігі қоғамды былықтыруы мүмкін. Мысалы, саяси науқандар, үгіттеу жұмыстарында қолданылса қайтеміз? Тіріге бергісіз мыңдаған фейк-аккаунттар зымияндарға қажет «қоғамдық көзқарас» қалыптастырып беруі мүмкін деген үрей бар. Кезінде атом бомбасын жасаушылар да осылай толғанған. Бірақ бәрібір жасаған. Ендеше мұның тоқтайтын, мұны тоқтататын еш алғышарт көріп тұрған жоқпын. Шынымен солай болатын шығар.

Айтпақшы, Google Images сервисінен мынау, өзімше «қазақ бала» деп ат қойып алған фотоны іздеп көрдім:

Ерлан Оспан

Шынымен, Google ештеңе таппады. Бірақ нәсілін шамалап тұрғандай ма, қалай:

Ерлан Оспан

Өзім байқаған бір жайт: адамзат графикалық шығарма жасауды осындай қарқынмен үйреніп жатса да, мәтін жазуды үйретуде айтарлықтай жетістік жоқ. Қызық, керісінше - бейне жасату қиын болуы керек сияқты ғой қисынға салсақ?

Айтпақшы, мына «баланың фотосында» айтарлықтай артефакт бар:

Ерлан Оспан

Тоқетері, ThisPersonDoesNotExist.com сайтын ара-тұра қарап қойыңыздар, қазаққа ұқсайтын біреулер шығып қалар.

Ерлан Оспан, IT маманы

Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір