• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:05:05
Алматы
+35°

26 Мамыр, 2019 NEWS

Бөбектің өмірін жалмаған батут апаты (видео)

Төтенше жағдайлар комитеті саябақтарда аттракциондарды орнатуға рұқсатты аймақ әкімшілігі беретінін мәлімдеді.

Қарағандының орталық саябағында балалар ойнап жатқан батутты жел ұшырып кетті. Келеңсіз оқиға нәтижесінде бір бала қайтыс болып, екі бала ауыр жарақат алған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

"25-мамыр күні Қарағанды қаласының орталық саябағындағы батут қолайсыз ауа-рай әсерінен аударылып кетті. Нәтижесінде 11 жастағы бала оқиға орынында ауыр жарақат салдарынан қаза тапты. Тағы да екі бала түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген", - деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.

Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, өмірден өткен бала 2007 жылы туған. Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 306-бабының 3-тармағына сәйкес, "Қауіпсіздік шараларын сақтамай қызмет көрсету арқылы адам өліміне себеп болу" айыбымен іс қозғалды.

Қажетті сараптамалар тағайындалған. Төтенше жағдайлар комитеті саябақтарда аттракциондарды орнатуға рұқсатты аймақ әкімшілігі беретінін мәлімдеді.

"Ата-аналардан ауа-райы қолайсыз күндері түрлі келеңсіз жағдайлар орын алмас үшін балаларды көшедегі батуттарға алып бармауын сұраймыз" - деді Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

От подписчика ___ Здравствуйте Анонимно пожалуйста Перевернулось батут в парке и киоск. Погиб 11 летний ребёнок 2 госпитализированы _____ #карагандасити #караганда #караганда #майкудук #балхаш #атырау ___ По данному факту зарегистрировано уголовное дело по статье 306 часть 3 УК РК «Оказание услуг, не отвечающих требованиям безопасности, повлекшие смерть человека». Назначены необходимые экспертизы. Изымается документация по эксплуатацию данного объекта.

Публикация от ??Лучший паблик г #Караганда (@inst_krg)

Аударған: Әділет Мәдениет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір