• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:15:15
Алматы
+35°

Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында "Біздің сүйікті дәрігер - 2" атты жаңа фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша өндіріске жіберіледі деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Фильмді Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ "Bissembin Film" бірлесіп түсіреді.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы "Біздің сүйікті дәрігер" көркем фильмі қазақстандық көрермендер үшін айтулы картина және қазақ кинематографиясының алтын қорына енгендігін айта отырып, түсірілім тобына үлкен міндет қойылғанын жеткізді. 

Біздің сүйікті дәрігер

"Бәріміз сүйіп көретін бұл картинаны жасауға сол замандағы қазақ өнерінің үздік өкілдері қатысқан. Оны Бибігүл Төлегенова, Юрий Померанцев, Ермек Серкебаев, Мүлік Сүртібаев, Хадиша Бөкеева және Шәкен Айманов жасап шыққан. Фильмнің жалғасын өндіріске жіберер алдында фильмнің режиссеріне Шәкен Аймановтай жоғары деңгейде түсір деп тапсырдым. Асқар Бисембиннің қолынан жақсы фильм шығады деп сенемін", - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы іс-шара барысында.

"Бұл фильмді түсіру – үлкен жауапкершілік. Бәріміз де осы туындыны көріп өстік емес пе. Бала кезімде бұл фильмді жиі көретінмін. Біз римейк түрісуді көздеп отырған жоқпыз, бұл сол оқиғаның жалғасы ғана", - деген еді  режиссер Асқар Бисембин.

Комедияның жалғасына бірінші бөлімдегі дәрігер Юрий Померанцев түспек. Сондай-ақ, «Голос. Дети-4. Украина» байқауының жеңімпазы Данэлия Тулешова түсірілімге қатысады.

- Осы фильмге түсетініме өте қуаныштымын. «Біздің сүйікті дәрегер» фильмін отбасымызбен бірге жиі көреміз. Сондықтан да, бұл фильмнің жалғасы әр түрлі жастағы көрермендерге қызықты болады деп ойлаймын, - деді Данэлия Тулешова.

«Біздің сүйікті дәрігер-2» фильмі – 1957 жылы Шәкен Айманов түсірген танымал музыкалық фильмнің жалғасы. 

Ұсынған: Маржан Сәбет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір