• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:59:56
Алматы
+35°

26 Мамыр, 2019 NEWS

Дариға Назарбаева: "Ол туралы ойлаудың өзі қорқынышты"

Біз Сенатта барлық құжаттарға, зерттеулер мен стастикалық мәліметтерге сүйене отырып үлкен сараптама жасадық

Сенат төрағасы Дариға Назарбаева жұмыс сапарымен Қазақ тағамтану академиясына және балаларға арналған сүт өнімдерін өндіруші "Амиран" зауытына барды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтының мәліметін негізге ала отырып. 

"Біз Сенатта барлық құжаттарға, зерттеулер мен стастикалық мәліметтерге сүйене отырып үлкен сараптама жасадық. Сараптама нәтижесінен түсінгеніміз, қазіргі отандық нарықта балалар тағамын өндіру саласына дұрыс назар аударылмайды. Еліміздегі балалар тағамдарының шамамен 90 пайызға жуығы шетелден тасымалданады. Ол өнімнің жарамдылық мерзіміне, қандай қоспалар қосылғанына ешкім жауап бермейді. Ондай тауарлар шалғай жерлерден әкелінетіндіктен сақтау мерзімі де тым үлкен, кейбірі жылдап сақтала береді, шынымды айтсам, біз балаларымызға не беріп жатқанымызды ойлаудың өзі қорқынышты", - деді Дариға Назарбаева.

Дариға Назарбаева

Сенат төрағасы Қазақ тағамтану академиясының ұжымымен кездесіп, тағамның сапасы мен қауіпсіздігін тексеретін зертханалардың жұмысымен танысты.

"Бірінші кезекте, органикалық таза өнімдер кішкентай балалары бар отбасыларға қолжетімді болуы керек. Бізде бие сүтінен жасалатын балаларға арналған азық-түлік өнімдері бар. Қантсыз. Мұндай өнімдерді тұтыну – әлемдегі кез келген диетологтың арманы", - деді Дариға Нұрсұлтанқызы.

Аударған: Дәурен Сыбанбай

Дәурен Сыбанбай

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір