• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

26 Мамыр, 2019 Денсаулық

Адам ағзасы қандай мүшелерсіз өмір сүре алады?

Қалай десек те, адамдар ағзасын алып тастауды дәрігерлер оның өмірін сақтап қалудың ең соңғы жолы ретінде көреді.

Адам ағзасы, мүшелері өмір сүруге лайықталып жаратылған. Құдайдың құдіретіне шек жоқ дерсіз, негізі, адамда артық ағза жоқ. Бірақ түрлі аурулар мен қатерлі ісіктерге шалдыққанда кейбір ағзаларды түгел алып тастап, қалыпты өмір сүре беруге болады. Сонымен, қандай ағзалардың қажеттілігі төмен?

Медицина ғалымдары адамға ақыл тістері мен соқыр ішектің қажеттілігі туралы әлі дауласып келе жатыр. Біріншісі, жанға батып бара жатса, жеңілдеу «құтылатын» дүние. Ал соқыр ішектің толып қалуы нәтижесінде адам пышаққа түсуге мәжбүр болады. Адамдардың басым бөлігінің соқыр ішекті 20-25 жасына дейін алдырып тастайтынын алға тартқан ғалымдар бұл ағзаны мүлде қажетсіз деп санайды. Ал қарсы топ ағза толық қалыптасқанша ас қорыту жүйелерінің артық заттармен бүлінбесі үшін соқыр ішекті қажет деп есептейді.

Адам қай жасында соқыр ішектен арылса да, бұл мүшесіз өмр сүре береді. Сондай-ақ, соқыр ішектің жоқтығы адамға ешқандай қолайсыздық пен ауырсыну туғызбайды.

Соқыр ішектен өзге ішкі ағзалардың барлығы адам баласына қажет. Дегенмен, олардың белгілі бір бөлігімен де бірқалыпты өмір сүруге әбден болады.

Мысалы, адам баласы бір бүйрекпен өмір сүре алады. Бір бүйрекпен алаңда доп теуіп жүрген футболшылар да бар. Сонымен қатар, өкпенің бір жағымен, асқазанның жартысымен, бауырдың жарты бөлігімен амалдап күн көруге болады. Сонымен қатар, көпшілік өт жолы ақауына ұшырайды. Осы ретте адам ағзасы өтсіз де өмір сүре алатынын айта кеткен жөн.

"Адам ағзасының 25 пайызын алып тастаған күнде де тірі жүруге болады", - деп тәмсіл айтады ғалымдар тобы. Бірақ аталған мүшелерді алып тастауға душар болған жандар қатаң диета мен түрлі дәрі-дәрмектерді уақытылы қабылдап жүруі тиіс.

Қалай десек те, адамдар ағзасын алып тастауды дәрігерлер оның өмірін сақтап қалудың ең соңғы жолы ретінде көреді.

«Адам ағзасының ақаулары» деген кітабында Чип Роу "Көлік үш дөңгелекпен те жүре алады, бірақ бұл төрт дөңгелектің орнын алмастыра алмайды" деп жазады.

Ағзаларыңызға ақау түспесін!

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

24 пікір

Батыр Баян 08 Маусым, 2017

Өте өткір мәселелер қозғалыпты. Қытайдағы қандастарымыздың тағдыры барша қазақтың тағдыры. Бір жарым миллион қаракөзіміз қытайға жұтылып кетпей тұрып елге келсе жақсы болар еді.

Монғол 08 Маусым, 2017

Қытай фобиясына жұтылмай қорықпай араласу керек, дұрыс айтады.

Білгіш 08 Маусым, 2017

Қытайдан зейнет аламыз деп бес он тиынына қызықпай елге келсеңдерші қандастар-ау

ايدوس 08 Маусым, 2017

قامشى قايداعى اتتى -شاپتىنى جازباي وسىنداي جاقسى ماقالالار سالساڭىزدارشى، سايت ول پىت-شىتى شىعىپ تۇرعان!

проф. Совет-Хан Ғаббасұлы. 08 Маусым, 2017

Қадірлі Нұрғали НҰРТАЙ мырза - мынау шын мәнінде жағымсыз және Қазақ пен Қытай халықтары арасындағы достыққа зардабын тигізерлік мәселені кеңінен көтергеніңе рахмет !!.. Сұхбатты бастан-аяқ оқып шыққан соң... дәл осы мәселеге тікелей қатысым болғандықтан, ПІКІР қосуды жөн көрдім. Қысқаша айтсам... мәселе былай басталған еді. Өткен МАЙ айының басында, бір топ жоғары білімді ... Қытайда туып-өскенімен, көптен бері өз Отанына келіп әр саланың мамандары ретінде жұмыс істеп жатқан АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІМЕН кездескен едім. Біздер тура осы СҰХБАТТА айтылған мәселелер бойынша... кеңесе келіп, тоғыз (9) түрлі... Қытайдағы Қазақтарға жайсыз тиетін... заңсыз мәселелерді ҚАҒАЗ бетіне түсіріп... 47-адам қол қойып, менің КӨМЕКТЕСУІМДІ сұрауына байланысты 10-шы МАЙ да АСТАНАҒА келіп, 11-ші МАЙ да қосшы болып келген ҚЫДЫРӘЛІ мен СЫРТҚЫ ІСТЕР минстрлігіне кіріп, КЕҢСЕ бастығы БАУЫРЖАН мырзаға тапсырғамыз. Екінші данасы "НҰР ОТАНҒА берілді. Қортынды жақсы екен...