• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:08:36
Алматы
+35°

26 Мамыр, 2019

Канн фестивалінің жеңімпаздары анықталды. Жүлдегерлер қатарында кімдер бар?

"Ең үздік сценарий" атағы француздық Селин Скьяммаға "Портрет девушки в огне" картинасы үшін табысталды.

Канн кинофестивалінің "Алтын пальма бұтағы" атағы "Паразиты" картинасының режиссері Пон Чжун Хоға бұйырды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Бай отбасыға жалданып жұмыс жасайтын кедей шаңырақтың жай-күйі суреттелетін комедияның соңы нағыз драмаға айналған. Осы жанрлық бұрылыс көптеген көрермендерді өзіне тартты бұл фильмде.

Ал фестивальдің Гран-при жүлдесі Мати Диоптың "Атлантика" атты дебюттік туындысына бұйырған. Жүлдені Сильвестр Сталлоне табыстады.

Фестивальдағы "Үздік режиссерлар" марапаты "Молодой Ахмед" атты фильм түсірген қос бельгиялықтың, Жан-Пьер мен Люк Дарденнің қанжығасына байланды.

Эмили Бичем "Малыш Джо" фильміндегі рөлі үшін "Ең үздік әйел рөлі" атағын алса, "Ең үздік ер адам рөлі" марапатына Боль и слава» туындысындағы рөлі үшін Антонио Бандерас лайық деп табылды.

"Ең үздік сценарий" атағы француздық Селин Скьяммаға "Портрет девушки в огне" картинасы үшін табысталды.

Тағы да бір "Алтын пальма бұтағы" марапаты қысқаметражды фильмдер қатарында бәйгеге түскен "Пространство между нами и небом" картинасының режиссері Василис Кикатосқа бұйырды.

Ал "Наши матери" атты дебюттік фильмін түсірген режиссер Цезарь Диас "Алтын камераны" жеңіп алды.

Ладжа Лидің "Отверженные" фильмі мен кіші Клебара Мендостың "Бакурау" фильмі қазылардың арнайы жүлдесіне ие болды.

Халықаралық Канн фестивалі 14-мамырдан бастап Лазурь жағалауында өтті. Сенбі күні дәстүр бойынша ең үздік туындыларды салтанатты түрде марапаттау шарасы болып, фестиваль өз мәресіне жетті.

Аударған: Әділет Мәдениет

Әділет Мәдениет

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір