• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:39:31
Алматы
+35°

26 Мамыр, 2019 Саясат

Малайзия экс-премьерінің "миллиондарына" Қазақстанның қандай қатысы бар?

Елбасымыздың інісі Болат Назарбаев соңғы уақыттарда әртүрлі жанжалдардың белсенді қатсушысына айналды

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаев соңғы уақыттарда әртүрлі жанжалдардың белсенді қатысушысына айналды. Елбасының інісіне қатысты бұл жолғы даулы мәселе алыстағы Малайзия елімен байланысты болып отыр.

Болат Әбішұлы 2001-2011 жылдар аралығында Майра Құрманғалиевамен некеде болған. Сол кезде ол әйелінің бірінші некеден қалған баласы Данияр Кесікбаевты өз тәрбиесіне алды.

Ал 2012 жылдың сәуірінде Нью-Йорк штатындағы манхэттендік Жоғары сот бөлімшесіне Болат Назарбаевтан арыз түсті. Арызында ол Майра Құрманғалиева баласымен бірге алаяқтықпен оның "Плаза" қонақ үйіндегі пәтерін тартып алды" деп жазған. Елбасының інісі пәтерді 20 миллион АҚШ долларға бағалады. Сонымен қатар ол бұрынғы әйелін 75 миллион доллар тұратын асыл әшекейлер мен Нью-Йоркте орналасқан тағы 4 миллионға бағаланған 2 пәтерді иемденіп алды деп айыптаған. Сонымен Майра Құрманғалиева өзінің бұрынғы күйеуі Болат Назарбаевқа жасаған материалдық шығыны 100 миллион доллардан асты.

2015 жылы Болат Назарбаевтың бұрынғы "өгей баласы" Данияр Кесікбаев Малайзия премьер-министрінің қызына үйленді. Содан бері Майра Құрманғалиева баласымен бірге Малайзиядағы ең қуатты отбасылардың бірінің қорғауымен өмір сүрді. БІрақ Құрманғалиева мен оның баласы үшін ертегі ұзаққа созылмады. 2018 жылдың мамыр айында Наджиб Разак өзінің премьер-министр тұғырынан түсіп қалды. Онымен қоса, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Жемқорлықтан бөлек, Разак пен оның жұбайы терроризмді қаржыландыру мен ақшаның ағылуы бойынша айыпталды. Наджиб Разактың үйіне тінту жасау кезінде полицейлер ақша мен асыл заттар толған 72 чемодан, атақты брендтердің 284 сөмкесін тәркіледі.

Қазірге кезге дейін Наджиб Разак өзінің миллиардтық қаражаты туралы түсіндіре алмады. Жуырда Малайзияның экс-премьері Facebook арқылы  осы жағдай туралы түсінік берді. Разактың айтуынша, ақша мен асыл заттар толған чемодандар оған тиесілі емес. Олар оның қызы - Данияр Кесікбаевтың әйеліне тиесілі екен. Сонымен қатар Ризак өз түсініктемесінде "күйеу баласының анасы Майра Құрманғалиева Қазақстанның ең бай адамдардың бірі – Болат Назарбаевтың әйелі болған" деді. Дәлел ретінде ол бұрынғы ерлі-зайыптылардың арасындағы сот ісі туралы сілтемені салып қойды. Осындай қимылымен Наджиб Разак оған қарсы ашылған қылмыстық іске Болат Назарбаевты да қосып отыр.

Енді малайзиялық құқық қорғау органдары Наджиб Разак айтқан ақпараттың анық-қанығын тексермек. Бұл жағдай бойынша Болат Назарбаев әдеттегідей үндемей отыр. Егер Наджиб Разак өз дегеніне көндірсе, Елбасымыздың інісі Малайзиядағы қылмыстық істің қатысушысы болып кетеді. Малайзия полициясы Болат Әбішұлынан күдіктенсе, оны Interpol желісімен халықаралық қылмыскер ретінде іздейді.

Ильдар Адильченов

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір