• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 10:32:11
Алматы
+35°

26 Мамыр, 2019 NEWS

Трамптың табаны тие салысымен, Жапонияда жер сілкінді

Жапонияға АҚШ президенті Дональд Трамп жұмыс сапарымен келген болатын

Қуаты 5,1 балл болатын жер сілкінісі Токиодан 40 шақырым қашықтықта орналасқан Тиба аймағында байқалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі kursiv.kz сайтының ақпаратына сүйене отырып.

Жапония метеорология агенттігінің мәліметінше, жер сілкінісінің дүмпуі Тиба аймағыныда және сол аймаққа жақын орналасқан елдімекендерге сезілген. Жер сілкінісі қуатты болғанымен, цунами қаупін төндірген жоқ.

Естерңізге сала кетейік, кеше Жапонияға АҚШ президенті Дональд Трамп жұмыс сапарымен келген болатын. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жер сілкінісі Токио әуежайына америка президентінің ұшағы қонғаннан кейін орын алды.  

Аударған: Дәурен Сыбанбай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір