• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 11:39:38
Алматы
+35°

26 Мамыр, 2019 Оқиғалар

Ақмола облысында бұлшық етін өсірмек болған төрт жасөспірім комаға түсті

Балаларға дәріні ауруханаға түскендердің бірі берген. Айта кетейік, ол "эпилепсия" диагнозымен диспансерде есепте тұрады.

Ақмола облысы Ерейментау аудандық ауруханасының жан сақтау бөліміне төрт кәмелетке толмаған бала түсті. Олар ұйқыға жатарда 15-тен финлепсин таблеткасын ішіп, бұлшық етін өсірмек болғаны анықталды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Жасөспірімдер аудандық ауруханаға таңертең сағат үштен кейін бірінен кейін бірі түскен. Олар 16, 14 және 13 жаста. Бәрі Олжабай батыр ауылында тұрады.  

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балалар ауыр жағдайда болған, қатты уланғаннан денелері құрысып, жүйке жүйесі зақымданған.  

"Жасөспірімдер финлепсин препараты арқылы бұлшық етін өсірмек болғаны анықталды. Әрқайсысы 15 таблеткадан ішкен", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Балаларға дәріні ауруханаға түскендердің бірі берген. Айта кетейік, ол "эпилепсия" диагнозымен диспансерде есепте тұрады.

Қазіргі таңда жасөспірімдер жан сақтау және қарқынды терапия бөлімдерінде жатыр. Балалардың бірі есін жиды.

Финлепсин препараты эпилепсияны емдеуде, соның ішінде науқастың ұстамасы ұстаған жағдайда қолданылады. Осыдан кейін дәрі ұлдардың бірінің қолына қалай түскені айтпаса да түсінікті болса керек. Препаратты мөлшерден тыс тұтыну жүрек пен бүйректің жұмысын, қан түзу, тыныс алу жүйесін бұзады. Бұлшық етті өсіру әсері дәрігерлерге белгісіз.


Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір