• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 20:16:30
Алматы
+35°

26 Мамыр, 2019 Оқиғалар

Маңғыстауда ірі бұршақ салдарынан біраз мал қырылып қалды (видео)

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, елді мекенде бұрын-соңды мұндай құбылыс болмапты.

Маңғыстау облысы Үштаған ауылында ірі бұршақ салдарынан өрістегі біраз мал қырылып қалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде таралған видеоларда бұршақтың ірі болғаны және көп мөлшерде жауғаны сонша, қара жер бір сәтте аппақ болып шыға келгенін байқаймыз. Алаңсыз жайылып жүрген ешкілердің біразы табиғаттың тосын мінезіне төтеп бере алмай, жасырынар ық таппай, қырылып қалған. Малды қырған бұршақ өсімдіктерді, егінді, бау-бақшаның да түгін қалдырмағаны айдан анық.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, елдімекенде бұрын-соңды мұндай құбылыс болмапты.


Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір