• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 06:04:20
Алматы
+35°

26 Мамыр, 2019 Аймақтар

Төлебилік түлектер мұқтаж отбасына баспана сыйлады

Түлектер мектеп бітіргендеріне 20 жыл толуына орай жиналып, ортақ күш-жігермен ауыз ашар ұйымдастырған.

Түркістан облысы Төлеби ауданындағы 2 Ш.Уәлиханов атындағы мектебін 1999 жылы бітірген түлектер Қасиетті рамазан айында қайырымды іс жасап, көпбалалы анаға баспана әперді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі teriskei.kz сайтына сілтеме жасап.

Түлектер мектеп бітіргендеріне 20 жыл толуына орай жиналып, ортақ күш-жігермен ауыз ашар ұйымдастырған. Оған барлық мұғалімдері мен ата-аналарын шақырып, сол жерде көпбалалы анаға бір бөлмелі пәтердің кілті мен балаларына сыйлықтар табыстады.

Бұл қайырымды істі мектеп бітіргендеріне 20 жыл толуына арналған мерейтойда сән-салтанат орнына өзгелерге үлгі болып, осындай халық санын көбейтіп отырған отбасыларға қолдау болсын деген ниетпен жасаған.

Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір