• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 17:27:02
Алматы
+35°

27 Мамыр, 2019 NEWS

Мектеп кезіндегі Қасым-Жомарт Тоқаев жайлы архивтер сөйлейді (видео)

Президент міндетін атқарушының балалық шағын елге таныстырғысы келген ақ-қара кадрлар топтамасы өте жоғарғы деңгейде сақталған.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың осыдан 50 жыл бұрынғы сенбілікте жүрген видеосы елге жол тартты. Бұл видеокадрды Берік Уәли мырза өз Facebook желісінде жариялады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Президент міндетін атқарушының балалық шағын елге таныстырғысы келген ақ-қара түсті кадрлар топтамасы өте жоғарғы деңгейде сақталған. 1969 жылы түсірілген бейнематериалды желісіне жүктеген Берік Уәлидің айтуынша, бұл сенбіліктен үзінді.

«Осыдан тура 50 жыл бұрын таспаға басылып қалған құнды видеокадрлар. Алматыдағы №25 мектептің 10 сынып оқушылары сенбілікте жүр. Таныған да боларсыздар, араларында қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы да бар»,- делінген жазбада.

Дайындаған: Бек Байтас

Бек Байтас

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір