• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:32:06
Алматы
+35°

27 Мамыр, 2019 NEWS

Әзірбайжандық азаматтар қазақ байлығына ауыз салуда

Сулы шекарадан заңсыз өткен броконьерлер теңіздегі Қызыл кітапқа енгізілген балық түрлерін заңсыз аулап, табыс таппақ болған.

Каспий теңізіне рұқсат етілмеген жерден шекараны бұзып өтіп, заңсыз балық аулағандары үшін Әзірбайжан азаматтары 4 миллион теңгеден астам айыппұл төлейді. Бұл туралы Қарақия аудандық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Сулы шекарадан заңсыз өткен броконьерлер теңіздегі Қызыл кітапқа енгізілген балық түрлерін заңсыз аулап, табыс таппақ болған.

Сот шешімі бойынша төрт шетелдік азамат ҚР ҚК 335-бабының 4-тармағына және 392-бабының 1-тармағына сәйкес айыпты деп табылды.

Әрқайсысына 500 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлеміндегі айыппұл төлеу міндеті жүктелді. Егер айыпталушылар бұл жазамен келіспесе, 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Аударған: Әділет Мәдениет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір