• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 10:24:56
Алматы
+35°

27 Мамыр, 2019 NEWS

Жарылғыш зат қойылды деп жалған ақпарат таратқан азамат ұсталды

Алматы маңындағы ауылға жарылғыш зат қойылды деп хабарлаған

Алматы облысының Талғар ауданында жарылғыш зат қойылды деп хабарлаған 42 жастағы азамат ұсталды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Hola News сайтына сілтеме жасап. 

Күдікті 26 мамыр күні полицияға қоңырау шалып, Жалғамыс ауылы маңындағы су сорғыш стансасына мина қойылғанын айтқан.

Айтылған орынды полиция қызметкерлері қоршауға алып, жарылғыш затты залалсыздандыратын мамандар иісшіл иттермен тексеруге кіріскен. Нысан аумағында ешқандай жарылғыш зат табылмаған.

Жедел іздестіру жұмыстары басталып, санаулы сағатта қоңырау шалған 42 жастағы ер азамат ұсталды. Қазіргі таңда терроризм актісі туралы жалған хабарлама беру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары Талғар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне тапсырылған.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамауға алынған.

Ұсынған: Маржан Сәбет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір