• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:38:40
Алматы
+35°

27 Мамыр, 2019 Оқиғалар

Аудан басшысы сұхбат кезінде журналисті соққыға жықты(видео)

Шенеулік басында микрофонды қағып, корреспондентті кабинеттен шығаруға талпынады

Хакасиядағы Шырын ауданының басшысы Сергей Зайцев “Дежурная часть” бағдарламасының журналисін сұхбат кезінде соққыға жықты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі vesti.ru порталына сілтеме жасап.

Федералды телеарна таратқан бейнежазбада көрініп тұрғандай, шенеулік басында микрофонды қағып, корреспондентті кабинеттен шығаруға талпынады. Содан соң тілшіні жерге құлатып, ұра бастады. Бұл кезде қызметкерлердің бірі бейнекамера обекъетивін жабуға тырысуда. Одан кейін журналистерді сыртқа шығарып жіберіп, Зайцев пен оның қызметкерлері кабинетте ақылдаса бастады.

Сюжет авторының айтуынша, 2015 жылы тұрмыстық қалдықтар полигонында болған өрт туралы сұрағанда Сергей Зайцев журналистерге күш көрсеткен.

Телеарна ІІД мен Тергеу комитетіне арыз жазды.

Кейін Шырын ауданының басшысы Сергей Зайцев мәлімдеме жасап, журналистерден кабинетті уақытша босата тұруды сұраған.  Бірақ олар көнбегендіктен, есіктен шығаруға талпынғаны туралы айтты. “Единая Россия” партиясы болған оқиғаға байланысты кешірім сұрады.

Аударған: Ильдар Адильченов

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір