• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
25 Тамыз, 22:10:49
Қорықшылардың материалдық-техникалық базасы күшейтіледі

25 Мамыр, 2019

«Құбылмалы бахтах» – Көлсайдың қызыл балығы

"Құбылмалы бахтақты" жерсіндіру алғаш рет 1965 жылы басталды.

"Құбылмалы бахтақ" атауы қайдан шықты? Бахтақ – албырттәрізділер (Salmonidae) тұқымдасына жататын балық. Бұл тұқымдасқа жататын балықтардың етінің түсі қызыл болатындықтан әдетте, жергілікті тұрғындар «қызыл балық» деп те атайды. Сондай-ақ, бұл балықтың бүйір сызығы ақшыл-күміс түсті, ал арқа жағы жасыл түсті болып келеді. Денесінде және қанаттарында көптеген қара дақтары бар.

Ал «Құбылмалы бахтақ» атауы бүйір сызығын бойлай орналасқан жолағының «қызғылт-қызылға» құбылып отыратын ерекшелігіне байланысты аталынған көрінеді. Өзенде тіршілік ететін балықтың түсі ақшылдау, ал көлде тіршілік ететін балықтың түсі қанық болады. Сол себепті кейбір адамдар бұл балықты екі түрге жататын балық деп ойлайды. 
"Құбылмалы бахтақ" балығы Көлсай көлдерінде қалай пайда болды және қайдан келді? "Құбылмалы бахтақтың" табиғи таралу аумағы Тынық мұхитының Солтүстік Америка жағалауы яғни, Аляскадан Мексикаға дейінгі аймақ болып табылады. Қазақстанға ең алғаш рет ҚазҰУ биолог мамандарының ұсынысымен 1964 жылы Чехословакия елінен 200 мың дана ұрықтанған уылдырығы жеткізіліп, Шелек және Бартоғай өзендерінің жылғаларында инкубациялық процестер жасалған. Ал Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы табиғи көлдерге "құбылмалы бахтақты" жерсіндіру алғаш рет 1965 жылы басталды. 
Қазіргі таңда, Ортаңғы және Төменгі Көлсай көлдерінде аталған балық түрі көбейіп өзінің дамуын толықтай қалыптастырды және осы көлдерде бағалы балық болып есептеледі. "Құбылмалы бахтақ" балығының табиғи көлдерде өсіп-өнуін, оның жыл сайынғы жағдайын бақылап, кешенді мониторинг жүргізіп отыру су жануарларын қорғаудағы маңызды жұмыстарды бірі болып табылады. 
Осыған орай, 2019 жылдың наурыз айында «Балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу орталығының» мамандары №256 бюджеттік бағдарламаға сәйкес ЕҚТА территориясында орналасқан Көлсай көлдерінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Экспедиция барысында Көлсай көлдеріндегі "құбылмалы бахтақ" балығының көбею мүмкіндігі зерттелді. Бұл уақытта төменгі Көлсайдың ортаңғы бөлігінде мұз әлі ери қоймаған кез еді. Дегенмен де, балықтардың уылдырық шашуға дайын жүргендігі, зерттеу-бақылау барысында байқалды. Ауланған балықтардың 76 паыздан астамын аталықтар, ал 23 пайызын аналықтар құрады. Биылғы жылы ауға түскен ең ірі балықтың салмағы 1,6 ккелі, ал ұзындығы 50 см болды. Аналықтардың ең жоғарғы уылдырық саны 4675 дананы құрады.

Б. Әбілов,  Э. Қожабаева,  Ихтиология зертханасының ғылыми қызметкерлері. 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір