• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 03:58:01
Алматы
+35°

27 Мамыр, 2019 Саясат

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Иран көрші елдеріне шабуыл жасамау туралы пактіге қол қоюға шақырады

Иран Парсы шығанағының елдерімен шабуыл жасамау туралы пактіге қол қоюға дайын екенін жеткізді

Иран Парсы шығанағының елдерімен теңгерімді қарым-қатынас сақтау үшін олармен шабуыл жасамау туралы пактіге қол қоюға дайын екенін жеткізді. Бұл туралы Иран СІМ басшысы Мохаммад Жавад Зариф мәлімдеді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ТАСС сайтына сілтеме жасап.

Ирандық СІМ басшысының айтуынша, Тегеран Парсы шығанағының елдерімен теңгерімді қарым-қатынас сақтау үшін олармен шабуыл жасамау туралы пактіге қол қоюға дайын екендігін жеткізді. Ол ирактық әріптесі Мұхаммед Али аль-Хакиммен бірге өткен баспасөз конференциясында Иран өзінің Парсы шығанағы бойынша көршілерімен шабуыл жасамау туралы пактке қол қоюды ұсынды. Сонымен қатар, ол Иранның қандай болмасын, экономикалық немесе әскери басқыншылыққа қарсы шығатыны туралы мәлімдеді.

Қазіргі таңда, Бағдад өзінің АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіске ара бітістіруші болуға дайын екенін айтты.

“Вашингтонның Иранға қарсы бағытталған экономикалық блокадасының еш пайдасы жоқ. Біз АҚШ-тың қандай болмасын біртарапты шешімдерін қолдамаймыз. Осы жағдайда көршіміз Иран және АҚШ арасындағы ара бітістіруші боламыз”, - деді Ирак СІМ басшысы Мұхаммед Али аль-Хаким.

Аударған: Ильдар Адильченов

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір