• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:29:48
Алматы
+35°

27 Мамыр, 2019 Аймақтар

Атырауда жауынгерлік өнер фестивалі 10 мыңға жуық көрермен жинады

Атырауда жауынгерлік өнер фестивалі 10 мыңға жуық көрермен жинады

Сенбіде Сұлтан Бейбарыс алаңына бірнеше сағат бойы шамамен 20 жекпе-жек өкілдері жиналды.Үлкен спорттық додаға айналды.

Жауынгерлік өнер фестивалінің ұйымдастырушылары - Атырау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық жауынгерлік өнер Ассоциациясы, сондай-ақ, Олимпиадалық емес спорттық жекпе-жек федерациясы.atyrau

Фестиваль аясында жауынгерлік өнер ассоциациясының құрамына кіретін шамамен 20 спорт түрінің чемпиондары : каратэ, муай тай, кикбоксинг, ММА, панкратион, греплинг, самбо, таэквондо және джу-джитсудан өз өнерлерін көрсетті.
- 10 мыңнан астам адам жауынгерлік өнер фестивалінің көрермені болды. Шараның негізгі мақсаты - облыста салауатты өмір салты мен спортты насихаттау, әсіресе Атырау облысында бұл үшін барлық жағдай жасалған. Осындай шаралардан кейін біздің тұрғындарымыз балаларын әртүрлі спорт секцияларына алып келеді деп үміттенеміз, - деді Атырау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов.atyrau

Іс-шара барысында келушілерге спорт залдары мен спорт секцияларының тізімі жазылған брошюралар таратылды.

Фестиваль соңында қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Мерекелік концерт отшашумен аяқталды.atyrauatyrauatyrauatyrau

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір