• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:09:25
Алматы
+35°

24 Мамыр, 2019 Аймақтар

«Мерейлі отбасы - 2019» облыстық байқауы өтті

«Мерейлі отбасы - 2019» облыстық байқауы өтті

Ел мерейін асқақтатар ұлттық жоба Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2013 жылғы желтоқсандағы № 250 өкіміне сәйкес жыл сайын еліміздің барлық өңірлерінде өткізіліп келеді.

Биылғы өңірлік байқауға облыстың аудандары мен қалаларынан мұнай-газ, энергетика, білім, денсаулық сақтау, ауылшаруашылығы, өнер, кәсіпкерлік салаларынан құралған 67 отбасы өтінімдерін берді. Байқауға көп балалы отбасылар мен жас отбасылар белсенді қатысуда.Мерейлі отбасы

«Мерейлі отбасы - 2019» ұлттық байқау қортындысы бас жүлде иегері болып Жаңаөзен қаласынан Жүгенбаевтар отбасы танылды.

Отағасы, Жүгенбаев Саламадин 1943 жылы Маңғыстау облысы Сығынды ауылында дүниеге келген. Атырау қаласындағы ауыл шаруашылық техникумын «Зоотехник» мамандығы бойынша бітірген. Көп жылдар Ералиев атындағы совхозда зоотехник болып еңбек еткен. Ауыл шаруашылығына қосқан үлесі үшін Лениннің туғанына 100 жыл, Маңғыстау облысының құрылғанына 35 жыл, 50 жыл, Қарақия ауданының құрылғанына 45 жыл төс белгілерімен және бірнеше Алғыс хаттармен марапатталған.

Зайыбы, Балықбаева Ағия 1944 жылы Маңғыстау облысы Ортаеспе аулында дүниеге келген. Ауыл шаруашылығы саласында қызмет атқарып, зейнетке шыққан көп балалы ана, «Алтын алқа» иегері. Отау құрғандарына 57 жыл толған, «Ауыл шаруашылығы» саласының династиясы Саламадин ағамыз бен Ағия апамыздың отбасы 8 бала өсіріп, олардан 29 немере, 9 шөбере сүйіп отыр.Мерейлі отбасы

«Мерейлі отбасы - 2019» ұлттық байқау қортындысы бойынша жеңімпаздары:

Бас жүлде – «Жүгенбаевтар» отбасы, Жаңаөзен қаласы;

І орын жеңімпазы - «Нұрсебеповтер» отбасы, Маңғыстау ауданы;

ІІ орын жеңімпазы - «Торлановтар» отбасы, Қарақия ауданы;

ІІІ орын жеңімпазы - «Қидасовтар» отбасы, Бейнеу ауданы.Мерейлі отбасы

 

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған шара. Байқау жылдың басында жарияланып Отбасы күніне орай қорытындыланады.

Байқауды өткізудің мақсаттары:

1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайту, ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;

2) ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;

3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқор болуын дәріптеу, және кеңінен насихаттау;

4) қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.Мерейлі отбасы

Аталған байқау биыл алтыншы рет өткізілуде. 2015 жылы облыстық кезеңнің жеңімпазы атанған, 12 бала, 46 немере, 41 шөбере тәрбиелеп отырған бақытты отбасы Құлсариевтер республикалық байқаудың Гран при иегері атанған болатын.

Отбасыға марапат ретінде ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықованың қолынан арнайы естелік мүсін, «Мерейлi отбасы» ұлттық байқауы жеңімпазының дипломы мен Қазақстанда шығарылған IVECO шағын автобусының кілті табысталған еді.Мерейлі отбасыМерейлі отбасы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір